Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 ақпан 2024 ж.

    Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабынның негізінде ШЕШТІМ:

    1. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі Аралтөбе ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніңдегі комиссия төрағасы болып Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімінің орынбасары Тулепов Кайрат Нуржанович тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

    3. Осы шешімнін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ж.Батырниязов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.