Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 ақпан 2024 ж.

    Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 5-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы

    С. Исабеков

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    2024 жылғы 28 ақпандағы

    № 11-42 Бұйрыққа

    қосымша

    Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (бұдан әрі – МКҚ) ғимараттарын, асхана үй-жайлары мен олардағы мүлікті (бұдан әрі – мүлікті) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

    1) тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт – МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт;

    2) несие беруші – тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасуға мүдделі МКҚ республикалық мемлекеттік мекемесі;

    3) несие алушы – тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

    3. Несие беруші мүлікті өтеусіз уақытша беруді тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт міндеттемелерін жеке және заңды тұлғалардың орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

    4. Өтеусіз уақытша пайдалануға несие алушыға беруге жататын мүліктің тізбесін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт жасалғаннан кейін несие беруші әзірлейді.

    2-тарау. Мүліктерді өтеусіз уақытша беру тәртібі

    5. Несие беруші және несие алушы мүлікті өтеусіз уақытша беру шартын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру туралы жасалған шарттың мерзімі шегінде жасасады.

    6. Несие беруші тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шартқа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде несие алушымен мүлікті өтеусіз уақытша беру шартын жасасады.

    7. Мүлікті өтеусіз уақытша беру шарты жасалғаннан кейін несие беруші несие алушыға мүлікті бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда мүлікті қабылдау-беру актісі бойынша береді.

    8. Мүлікті қабылдау-беру актісі әрбір тарап үшін бір-бір данадан екі данада әзірленеді.

    9. Мүлікті өтеусіз уақытша беру туралы шартта берілген мүлікті несие алушының дұрыс пайдалануына бақылауды тұрақты негізде жүзеге асыратын тараптың уәкілетті лауазымды адамының құқығы көрсетіледі.

    Ғимараттарды, асхана

    үй-жайларын және олардағы

    мүлікті өтеусіз уақытша

    беру қағидаларына

    қосымша

    нысан

     Бекітемін

    _____________________________ бастығы

    (бөлімше атауы)

    _______________ ________ ______________

    (арнаулы атағы) (қолы) (тегі және аты-жөні)

    «______» _________________ 20___ жыл

    Мүлікті қабылдау-беру актісі

    _________ қаласы                                               
    «___» _________20___жыл

    Несие беруші _______________________________________________________________ (несие берушінің атауы) Қағида (Жарғы) негізінде әрекет етуші_______________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

    тұлғасында бір тараптан және Несие алушы__________________________________________ (несие алушының атауы) тұлғасында______________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

    екінші тараптан__________________________________________________________________ (құрылтай құжаттарының атауы мен тіркелген күні)

    қолданыстағы негізінде

    ______________________________ мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы аумағы ___________________________ болатын «___» ______20___ жылғы №_____ ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру шартына сәйкес мүлікті қабылдау және беруді жүзеге асырды.

    1. Мүліктің сипаттамасы:

    № р/с №
    Үй-жай­дың ата­уы
    Объ­ек­ті­нің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы және ау­ма­ғы
    Ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­дың бо­луы неме­се бол­мауы ту­ра­лы
    Ес­керт­пе
    .
    2. Мүліктер тізілімі:
    р/с №
    Мүк­әм­мал­дық нө­мі­рі
    Мү­лік­тің ата­уы
    Са­ны
    Өлш.бірл
    Қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
    Бе­ру
    мер­зі­мі
    Ба­стап­қы құ­ны (тең­ге)
    Қал­ды­ғы (ба­лан­стық) (тен­ге)
    Ба­лан­стық құ­ны­нынң қал­дық пай­ы­зы
    То­зу пай­ы­зы
    3. Берілген мүліктің және онда орналасқан мүліктің техникалық жағдайы анықталған ақаулар тізбесімен (бар болса): ______________________________
    ____________________________________________________________________.

    4. Есептеу аспаптарының көрсеткіштері: __________________________________ (коммуналдық қызметті төлеу үшін)

    5. Осы Акт несие беруші мен несие алушы үшін бір-бірден екі данада жасалды.

     НЕСИЕ БЕРУШІ:
    ________________________________
    ________________________________
    (несие берушінің атауы)
    ________________________________
    ________________________________
    (орналасу орны)
    ________________________________
    _______________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
    __________________________________
    (қолы)
    М.О.
     НЕСИЕ АЛУШЫ:
    ______________________________
    ______________________________
    (несие алушының атауы)
    ______________________________
    ______________________________
    (орналасу орны)
    ______________________________
    ______________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
    ______________________________
    (қолы)
    М.О.(бар болса)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.