«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 ақпан 2024 ж.

    «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:

    3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) не Мемлекеттік корпорация не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

    Өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) портал не Мемлекеттік корпорация арқылы не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

    «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.»;

    көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2024 жылғы 27 ақпандағы

    № 79

    бұйрығына қосымша

    Тракторларды және олардың базасында

    жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер

    мен механизмдердi, монтаждалған

    арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса

    алғанда, олардың тiркемелерiн,

    өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық,

    мелиорациялық және жол-құрылыс

    машиналары мен механизмдерiн, жүрiп

    өту мүмкiндiгi жоғары арнайы

    машиналарды кепiлге қоюды

    мемлекеттiк тiркеу

    қағидаларына

    3-қосымша

    «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Трак­тор­лар­дың және олар­дың ба­за­сын­да жа­сал­ған өзді­гі­нен жү­ре­тін шас­си­лер мен ме­ха­низмдер­дің, мон­таж­дал­ған ар­найы жабды­ғы бар тір­ке­ме­лер­ді қо­са ал­ған­да, олар­дың тір­ке­ме­ле­рі­нің, өзді­гі­нен жү­ре­тін ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ме­ли­о­ра­тив­тік және жол-құ­ры­лыс ма­ши­на­ла­ры мен ме­ха­низмде­рі­нің, жү­ріп өту мүм­кін­ді­гі жо­ға­ры ар­найы ма­ши­на­лар­дың ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу (тір­ке­уден алу), өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­ды (оның ішін­де, мен­шік құқы­ғы­ның бас­қа адам­ға ауы­суы, та­лап ету құқы­ғын бас­қа­ға бе­ру, кей­ін­нен ке­пі­л­ге (қай­та­ла­ма ке­пі­л­ге) са­лу) тір­кеу және тір­кел­ген ке­піл­дің қол­да­ны­сын тоқ­та­ту, сон­дай-ақ ке­піл­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті неме­се тел­нұс­қа­ны бе­ру»
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
    2) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция);
    3) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Ма­ши­на­лар­дың ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті неме­се тел­нұс­қа­ны бе­ру неме­се ке­піл­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу (тір­ке­уден алу), өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­ды (оның ішін­де, мен­шік құқы­ғы­ның бас­қа адам­ға ауы­суы, та­лап ету құқы­ғын бас­қа­ға бе­ру, кей­ін­нен ке­пі­л­ге (қай­та­ла­ма ке­пі­л­ге) са­лу) тір­кеу, тір­кел­ген ке­піл­дің қол­да­ны­сын тоқ­та­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап­ты бе­ру. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы алым тө­лей­ді, ол «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы (Са­лық ко­дек­сі)» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – Са­лық ко­дек­сі) 553-ба­бы­на сәй­кес:
    1) же­ке тұ­лға­лар­дан – 1 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті (бұ­дан әрі – АЕК));
    2) заң­ды тұ­лға­лар­дан – 5 АЕК-ні;
    3) ке­піл­дің тір­кел­ге­нін ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін – 0,5 АЕК-ні құ­рай­ды. Тір­кеу алы­мын тө­леу қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сын­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы, сон­дай-ақ қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сын­да «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі күн­де­рі са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы брон­да­у­ға жол бе­рі­ле­ді;
    3) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және мей­рам күн­де­рі жү­гін­ген­де жол­да­ным­дар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі:
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге және/неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де: ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның не өкіл­дің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат, сон­дай-ақ өкіл­дің өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (бір­дей­лен­ді­ру үшін); Са­лық ко­дек­сіне сәй­кес ке­піл­ді тір­кеу үшін бюд­жет­ке алым тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат;
    2) пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы қой­ы­л­ған, элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш; ке­піл­ді тір­кеу үшін бюд­жет­ке Са­лық ко­дек­сіне сәй­кес алым тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­ды қо­с­па­ған­да). Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, сон­дай-ақ ЭҮТШ ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да, ке­піл­ді тір­кеу үшін бюд­жет­ке алым тө­лен­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2) ке­піл­ді тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­тің «Жы­л­жы­ма­лы мү­лік ке­пі­лін тір­кеу ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
    3) ке­піл­ді тір­кеу ту­ра­лы өті­ні­шпен ти­іс­ті емес адам­ның жү­гі­нуі;
    4) жы­л­жы­ма­лы мү­лік ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­ке­ге­ні үшін бюд­жет­ке алым тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік құ­пи­я­сө­зді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­то­ри­за­ци­я­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​gov.​kz мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың бі­рың­ғай плат­фор­ма­сын­да­ғы ин­тер­нет-ре­сур­ста көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.