Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/15-VIII «Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының «Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/15-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 46-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесінің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы
К. Сулейменов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.