Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI «Семей қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 ақпан 2024 ж.

    Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI «Семей қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7450 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 4 - қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Семей қаласы мәслихатының төрағасы

    Д. Шакаримов

    Абай облысы

    Семей қаласының мәслихаты

    2024 жылғы 16 ақпандағы

    № 21/119-VIII шешіміне

    4 - қосымша

    Пикет өткізуге тыйым салынған Семей қаласындағы іргелес аумақтардың шекаралары

    1. Семей қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:

    1) жаппай жерлеу орындары;

    2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің;

    3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

    4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

    5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.