Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 59/7 «Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 ақпан 2024 ж.

    Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 59/7 «Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 59/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7394-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.»

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ж. Жакупов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.