Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы «Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» № 59/9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 ақпан 2024 ж.

    Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы «Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» № 59/9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы «Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» № 59/9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7408-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.»

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы

    М. Омаргалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.