«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 ақпан 2024 ж.

    «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН: 

    1. «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31644 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығында (бұдан әрі - Нұсқаулық): 

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 15) тармақшасына, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;

    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Арыз иесінің іздеуде жүргені туралы немесе ҚР ҚПК-нің 45-бабы 1-бөлігінің 3) тармағы бойынша қылмыстық іс жүргізуі тоқтатылған, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 45-бабының 7-бөлігі 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген адамдарға қатысты мәліметтер анықталған кезде Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органы (бұдан әрі – аумақтық орган) оны ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін іздеу салудың бастамашысына дереу хабарлайды. Егер осы адам ТМД елдері уәкiлеттi органдарының іздеуінде болса, ақпарат аумақтық ішкі істер органына жіберіледі.»;

    23-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Растайтын құжаттар, оларды ұсыну және түзету жөніндегі хат алмасу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген).»;

    26-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

    «Комитеттің интернет-ресурсында жеке тұлғаларға сотпен осы Нұсқаулықтың 2-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі ден таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтердің жоқтығы туралы, осы Нұсқаулықтың 2-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы есепке алудың көрсетілген мәліметтердің болуы туралы ақпарат беріледі.»;

    27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес ашық деректердің интернет – порталында орналастыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32813 болып тіркелген);»;

    осы бұйрықтың 1, 2-қосымша ларына сәйкес редакцияда 2-1, 2-2-қосымшаларымен толықтырылсын;

    Нұсқаулықтың 4-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі-Комитет):

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

    2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыру;

    3) осы бұйрықтың көшірмесін Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберу.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры

    Б. Асылов

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокурорының

    2024 жылғы 27 ақпандағы

    № 31 бұйрығына

    1-қосымша

    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулыққа

    2-1-қосымша

    нысан

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ

    КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    АҚПАРАТ ИНФОРМАЦИЯ

    о наличии/отсутствии сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными

    сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде мәліметтердің болу/болмауы туралы

    ________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)

    ________________________________________________________________________ (туған жылы және жері/год и место рождения)

    20___ жылғы «___» ______ жағдайы бойынша сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде тұрғаны туралы мәліметтер жоқ.

    по состоянию на «___» «________» 20___ года сведений о нахождении на специальном учете лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными, не имеется.

    Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.

    Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

         

    штрих-код «Талдау орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

    штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы «Аналитический центр» и подписанный электронно-цифровой подписью Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

    Бұйрығына 2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокурорының

    2024 жылғы 27 ақпандағы

    № 31 бұйрығына

    2-қосымша

    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулыққа

    2-2-қосымша

    нысан

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ

    КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    АҚПАРАТ ИНФОРМАЦИЯ

    о наличии/отсутствии сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными

    сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде мәліметтердің болу/болмауы туралы

    __________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)

    __________________________________________________________________________ (туған жылы және жері/год и место рождения)

    20___ жылғы «___» ______ жағдайы бойынша сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде төмендегідей мәліметтер бар:

    соттың атауы:

    сот шешімінің күні:

    іс №:

    сотпен танылған: әрекетке қабілетсіз (әркетке қаблеттілігі шектеулі)

    по состоянию на «___» «________» 20___ года имеются следующие сведения о нахождении на специальном учете лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными:

    наименование суда:

    дата решения суда:

    дело №:

    признан судом: недееспособный (ограниченно дееспособный)

    Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.

    Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

        

    штрих-код «Талдау орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

    штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы «Аналитический центр» и подписанный электронно-цифровой подписью Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокурорының

    2024 жылғы 27 ақпандағы

    № 31 бұйрығына

    3-қосымша

    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулыққа

    4-қосымша

    нысан

    Құқықтық статистикалық ақпараттардың электронды жинақтарының тізбесі

    Құқық­тық ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­тар жи­нақ­та­ры­ның ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Әкім­ші­лі­гі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық Со­ты
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті­нің Се­на­ты
    Бас­шы­лық
    Бас Про­ку­рор­дың Ап­па­ра­ты
    Қыз­мет (Де­пар­та­мент)
    Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры ака­де­ми­я­сы
    Ак­тив­тер­ді қай­та­ру жө­нін­де­гі ко­ми­те­ті
    Cот­қа дей­ін­гі­тер­геп-тек­се­ру­дің және қыл­мыстық қу­да­ла­удың заң­ды­лы­ғын қа­да­ға­лау бой­ын­ша
    заң­ды кү­шіне ен­ген үкім­дер­дің ззаң­ды­лы­ғын және олар­дың орын­да­луын қа­да­ға­лау бой­ын­ша
    қо­ғам­дық мүд­де­лер­ді қор­ғау бой­ын­ша
    сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы қыл­мысты­лық пен құқық қор­ғау ор­ган­да­ры және сот­тар қыз­ме­ті­нің нәти­же­ле­рі ту­ра­лы
    7
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    2
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы сы­бай­лас жем­қор­лық қыл­мыстар және құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы
    7
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    3
    Есірт­кі затта­ры­ның, пси­хо­троп­тық және улы заттар­дың, пре­кур­сор­лар­дың, сол тек­те­стер­дің заң­сыз ай­на­лы­мы­м­ен бай­ла­ны­сты құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы
    7
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    4
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы сот­та­ры­ның жұ­мысы ту­ра­лы
    7
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    5
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы қыл­мыстық қу­да­лау ор­ган­да­ры қыз­ме­ті­нің нәти­же­ле­рі ту­ра­лы
    7
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    6
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы про­ку­рор­лық қа­да­ға­ла­удың жай-күйі ту­ра­лы
    7
    2
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    кестенің жалғасы:
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті­нің Мә­жі­лі­сі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің Ап­па­ра­ты
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қа­уіп­сіз­дік Ке­ңе­сі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жо­ғар­ғы Со­ты
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі (Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы қыз­мет)
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ның Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1
    1

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.