2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 ақпан 2024 ж.

    2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарағанды облысының әкімі

    Е. Булекпаев

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 23 ақпандағы

    № 11/01

    қаулысына қосымша

    2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдері

    Субсидиялар көлемдері, мың теңге
    бірегей тұқымдар
    элиталық тұқымдар
    бірінші репродукция тұқымдары
    бірінші ұрпақ будандары тұқымдары
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    1 143
    305 194
    246 900
    18 288
    Барлығы
    571 525

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.