Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 ақпан 2024 ж.

    Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы 3 тармағының 7-5) тармақшасына және 62 бабының 6-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы

    А. Әмрин

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2024 жылғы «___» _________

    № ______ қаулысына қосымша

    2024 жылға арналған Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға белгіленген мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Мамандар
    Балалар саны
    Жеке сабақтар
    (1 сағат, теңге)
    Кіші топтық сабақтар
    (1 сағат, теңге)
    Топтық сабақтар
    (1 сағат, теңге)
    Психолог
    450
    7393
    2617
    1252
    Логопед
    650
    7799
    2752
    1310
    Дефектолог
    650
    7936
    2798
    1330
    Тифлопедагог
    10
    7910
    2789
    1326
    Олигофренопедагог
    10
    8100
    2853
    1353
    Сурдопедагог
    10
    7773
    2744
    1307
    ЕДШ нұсқаушысы
    120
    7393
    2666
    1316

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.