Қызылорда қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 ақпан 2024 ж.

    Қызылорда қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызылорда қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 8-2/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5506 болып тіркелген);

    2) ««Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 8-2/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 113-17/4 шешімі.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы

    И. Кутухуджаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.