Аудан әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы «Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 4-ш шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Аудан әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы «Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 4-ш шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 26-бабының 6-тармағына сәйкес, Павлодар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар ауданы әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы «Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 4-ш шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

    1) аталған шешімнің 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында қатты желге, сондай-ақ су басу қаупін жою іс-шараларын жүргізуге байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын».

    2. Толықтыру әсер етпейтін барлық өзге тармақтар өзгеріссіз күшінде қалады.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Н. Дычко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.