Талдықорған қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Талдықорған қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес,Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қазандағы «Талдықорған қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» № 43-688 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107189 болып тіркелген);

    2) Талдықорған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 04 қаңтардағы «Талдықорған қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109192 болып тіркелген).

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Талдықорған қаласының әкімі

    Е. Бәзіл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.