Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 05 қазандағы № 8/43/VII «Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 ақпан 2024 ж.

    Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 05 қазандағы № 8/43/VII «Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 05 қазандағы № 8/43/VII «Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі озгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімімен бекітілген Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларының 19-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «19. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағу, адамдардың сүйемелдеуімен жүрген жылқыларды қоспағанда, 15-20 см. биіктікте қар жауғанда аяқталады.»

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай облысы мәслихатының төрағасы

    К. Сулейменов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.