Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 21 ақпан 2024 ж.
«Алматы қаласындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Алматы қаласындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 50 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«1. Алматы қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.»;
2-тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
М. Отыншиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.