Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 «Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 «Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1622 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымшадағы:
5-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«5. Заңның 9-бабы 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 400 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
М. Отыншиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.