Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 ақпан 2024 ж.

    Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына және «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ. Омаров

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 20 ақпандағы

    № 35 қаулысымен бекітілген

    Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) және жинақталу нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.

    2. Коммуналдық қалдықтар деп тұтынудың мынадай қалдықтары түсініледі:

    1) үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары, соның ішінде қағаз бен картон, шыны, металдар, пластмассалар, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, орамалар, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумуляторлар;

    2) аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар, егер мұндай қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса.

    Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілерінің қалдықтары, сондай-ақ ағынды сулардың шөгіндісін, пайдаланудан шыққан көлік құралдарын немесе құрылыс қалдықтарын қоса алғанда, тазарту құрылыстарынан қалдықтар кірмейді.

    Тұтыну қалдықтарына адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан, олардың агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі өткен, сондай-ақ меншік иесі тұтыну қалдықтары разрядына өз бетінше жойылған не құжаттап аударған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың орамалары және өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.

    3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктері (электрондық және электр жабдықтары, құрамында сынабы бар қалдықтар, батареялар,аккумуляторлар және өзге де қауіпті компоненттер) бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуі тиіс.

    2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәрті

    4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

    5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

    6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.

    7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

    1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;

    2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.

    8. Халықтан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау үшін тұрғын халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлінеді:

    тұрғындарының саны 300 мың адамға дейінгі елді мекендерде учаскелер абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады;

    халқының саны 300-ден 500 мың адамға дейінгі елді мекендерде – 1 %;

    тұрғындарының саны 500 мың адамнан асатын елді мекендерде – 0,5% (оның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

    9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

    10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

    11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.

    12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.

    13. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын

    қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.

    14. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді жергілікті атқарушы орган Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.

    15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және жергілікті атқарушы орган Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізеді.

    16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына деректерді (масса, көлем) енгізеді.

    17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.

    18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.

    Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:

    1) күн сайын әкету кезінде – өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;

    2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.

    19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.

    20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

    3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу

    21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

    1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):

    V конт=h*S

    мұндағы һ - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;

    S – контейнер түбінің алаңы, м2;

    2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

    Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3...

    мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

    3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    mконт=m3- mп

    мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;

    mп– қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

    4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    mтәу=mконт1+mконт2+mконт3...

    мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

    5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз).

    Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша.

    Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7

    мұндағы Vтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

    6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    mмаус=mтәу1+ mтәу2+...+ mтәу7

    мұндағы mтәу1 mтәу2 – белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

    7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    көлемі бойынша (Vтм, м3):

    Vтм = Vмаус/(nxa)

    массасы бойынша (mтм, кг):

    mтм = mмаус/(nxa)

    мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;

    а – есептік бірліктің саны.

    8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    көлемі бойынша (Vтом, м3):

    Vтом= (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n

    массасы бойынша (mтом, кг):

    mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n

    мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» – қыста – «қ», көктемде – «к», жазда – «ж», күзде «кү» – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;

    n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

    9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    көлемі бойынша (Vж, м3):

    Vж= Vтожх nк

    массасы бойынша (mж, кг):

    mж= mтожX nк

    мұндағы nк – жылдағы күннің саны.

    22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

    1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    qcp = m/V,

    мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

    2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    көлемі бойынша: Кбе = Vом/Vж

    массасы бойынша:

    Кбе = mом/mж

    3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік

    маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

    көлемі бойынша:

    Кмбе= Vmax.тәу./Voм

    мұндағы Vmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3

    массасы бойынша:

    kсн= mmaxтәу./moм

    мұндағы mmax.тәу.– маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

    23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.

    Коммуналдық қалдықтардың

    түзілу және жинақталу нормаларын

    есептеудің үлгілік қағидаларына

    1-қосымша

    Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар жи­нақ­та­ла­тын объ­ек­ті­лер
    Есеп­тік бір­лік
    1
    Жай­лы және жай­лы емес үй­лер
    1 тұр­ғын
    2
    Жа­тақ­ха­на­лар, ин­тер­нат­тар, ба­ла­лар үй­ле­рі, қарт­тар үй­ле­рі және сол си­яқ­ты­лар
    1 орын
    3
    Қо­нақ үй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі
    1 орын
    4
    Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай және бас­қа да мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер
    1 орын
    5
    Ме­ке­ме­лер, ұй­ым­дар, офи­стер, кең­се­лер, банк­тер, бай­ла­ныс бө­лім­ше­ле­рі
    1 қыз­мет­кер
    6
    Ем­ха­на­лар, ме­ди­ци­на­лық ор­та­лық­тар
    1 ке­ліп ке­ту
    7
    Ау­ру­ха­на­лар, өзге де ем­деу-са­уық­ты­ру ме­ке­ме­ле­рі
    1 тө­сек-орын
    8
    Мек­теп­тер және өзге де оқу орын­да­ры
    1 оқу­шы
    9
    Мей­рам­ха­на­лар, дәм­ха­на­лар, бас­қа­да кө­ніл кө­те­ре­тін ғи­ма­рат­тар және қо­ғам­дық та­мақ­та­ну ме­ке­ме­ле­рі
    1 оты­ра­тын орын
    10
    Те­атр­лар, ки­но­те­атр­лар, кон­церт зал­да­ры, түн­гі клуб­тар, ой­ы­н­ха­на­лар, ой­ын ав­то­мат­та­ры­ның за­лы, ин­тер­нет-ка­фе­лер, ком­пью­тер­лік клуб­тар
    1 оты­ра­тын орын
    11
    Мұ­ра­жай­лар, көр­ме­лер
    Жал­пы ала­ңы 1 м2
    12
    Ста­ди­он­дар, спорт алаң­да­ры
    Жо­ба бой­ын­ша 1 орын
    13
    Спорт, би және ой­ын зал­да­ры
    Жал­пы ала­ңы 1 м2
    14
    Азық-тү­лік, өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар дү­кен­де­рі, су­пер­мар­кет­тер
    са­уда ала­ңы 1 м2
    15
    Ма­ши­на­лар­дан са­ту
    са­уда ор­ны­ның 1 м2
    16
    Ба­зар­лар, са­уда па­ви­льон­да­ры, дүң­гір­шек­тер, сө­ре­лер
    Са­уда ала­ңы 1 м2
    17
    Өнер­к­ә­сіп­тік, азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның кө­тер­ме ба­за­ла­ры, қой­ма­ла­ры
    Жал­пы ала­ңы 1 м2
    18
    Тұр­мыстық қыз­мет кор­се­ту үйі: ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту
    Жал­пы ала­ңы 1 м2
    19
    Вок­зал­дар, ав­то­вок­зал­дар, әу­е­жай­лар
    Жал­пы ала­ңы 1 м2
    20
    Жа­ға­жай­лар, жол­дар­дан кө­ше сме­та­ла­ры
    Жал­пы ала­ңы 1 м2
    21
    Дә­рі­ха­на­лар
    Са­уда ала­ңы 1 м2
    22
    Ав­то­тұ­рақ­тар, ав­то­мо­биль­ді жуу орын­да­ры, АЖС
    1 ма­ши­на-орын
    23
    Ав­то­мо­биль ше­бер­ха­на­ла­ры
    1 жұ­мыс­шы
    24
    Га­раж ко­опе­ра­тив­те­рі, га­раж­дар, пар­кинг­тер
    1 га­раж­ға
    25
    Ша­шта­раз­дар, кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар
    1 жұ­мыс ор­ны
    26
    Кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу орын­да­ры, тігін ате­лье­сі
    Жал­пы ала­ңы 1 м2
    27
    Зер­гер­лік, аяқ ки­ім­ді, са­ғат­тар­ды жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры
    Жал­пы ала­ңы 1 м2
    28
    Кі­ші­гі­рім жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры (кі­лт­тер жа­сау және сол си­яқ­ты­лар.)
    1 жұ­мыс ор­ны
    29
    Мон­ша­лар, сау­на­лар
    Жал­пы ала­ңы 1 м2
    30
    Қа­ла ау­ма­ғын­да жап­пай іс-ша­ра­лар ұй­ым­да­сты­ра­тын заң­ды, са­ябақ қал­дық­та­ры
    1000 қа­ты­су­шы
    31
    Бау-бақ­ша ко­опе­ра­тив­те­рі
    1 учас­ке

    Коммуналдық қалдықтардың

    түзілу және жинақталу нормаларын

    есептеудің үлгілік қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан 1

    Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

    Елді мекен, аудан, облыс __________________________________________

    1. Мекенжайы ___________________________________________________

    2. Қабаттылығы __________________________________________________

    3. Үйдің нөмірі __________________________________________________

    4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ____________________________

    5. Жайлылық деңгейі: _____________________________________________

    а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ____________________________

    б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ___________________

    в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ

    __________________________________________________________________

    г) қоқыс құбырының болуы ________________________________________

    д) аула аумағының алаңы, м2 ______________________________________

    жасыл екпелер бар _______________________________________________

    жабыны қатты ___________________________________________________

    оның ішінде жаяусоқпақтар _______________________________________

    6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы ___________

    7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_________________________________

    8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме

    (қандай және қанша) _____________________________________________

    9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі __________________________

    10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі__________________________

    11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _________________

    Қолдары:

    Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

    Нысан 2

    Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты

    Елді мекен, аудан, облыс ________________________________________

    1. Объектінің атау________________________________________________

    2. Мекенжайы ___________________________________________________

    3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету

    қажет) _________________________________________________________

    4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) __________

    5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _______________________________________

    ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) ________________________

    қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) _________________

    6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам ________________________

    7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ____________________________________

    сауда алаңы _____________________________________________________

    қоймалық және қосалқы алаң ______________________________________

    8. Аула аумағының алаңы, м2 ______________________________________

    жасыл екпелер бар _______________________________________________

    жабын қатты ____________________________________________________

    9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ____________

    10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі ________________________________

    11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ________________________________________________

    12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі _________________________

    13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі__________________________

    14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) __________________________________________________________

    Қолдары:

    Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

    Коммуналдық қалдықтардың

    түзілу және жинақталу нормаларын

    есептеудің үлгілік қағидалары

    3-қосымша

    Нысан

    Бастапқы жазба бланкісі

    _____________ (күні)

    _______________________________________________объектісі бойынша (атауы, мекенжайы)

    Кон­тей­нер­дің р/с №
    Жи­нал­ған қал­дық­тар қа­ба­ты­ның би­ік­ті­гі, һ, м
    Кон­тей­нер негі­зі­нің ала­ңы, S, м2
    Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың кө­ле­мі, V, h*S, м3
    Қал­дық­тар ти­ел­ген кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), m3, кг
    Бос кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), mп, кг
    Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың мас­са­сы, mконт, m3 - mп
    1
    2
    ...
    Тәу­лік ішін­де­гі жиы­ны
    Vт­әу
    Мт­әу

    Коммуналдық қалдықтардың түзілу

    және жинақталу нормаларын

    есептеудің үлгілік қағидалары

    4-қосымша

    Нысан

    Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі

    20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейін Жайлылық типі ___________________________________________

    ап­та­ның күн­де­рі
    Объ­ек­ті­нің ата­уы
    Объ­ек­ті­нің қыз­мет тү­рі
    Есеп­тік бір­лік­тің са­ны
    Жи­нақ­тал­ған ком­му­нал­дық қал­дық­тар­дың кө­ле­мі/мас­са­сы
    Ор­та­ша тығ­ы­зды­ғы, кг/м3
    Бар­лы­ғы қай­та­ла­ма ши­кі­зат ірік­теп алын­ды (бө­лек жи­на­ған кез­де)
    жал­пы
    1 есеп­тік бір­лік­ке
    кг
    м3
    кг
    м3
    кг
    м3
    Дүй­сен­бі
    Сей­сен­бі
    Сәр­сен­бі
    Бей­сен­бі
    Жұм­Жұ­ма
    Сен­бі
    Жек­сен­бі
    Тәу­лі­гіне ор­та­ша
    Қолдары
    Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

    Коммуналдық қалдықтардың

    түзілу және жинақталу нормаларын

    есептеудің үлгілік қағидалары

    5-қосымша

    Нысан

    Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі

    Жайлылық типі ______________________________________________

    Объ­ект
    Ай
    Өл­ше­не­тін бір­лік­тің са­ны
    Қал­дық­тар­дың жи­на­луы
    Бір­тек­ті емес ко­эф­фи­ци­ент
    Бө­лек жи­нау, кг
    жал­пы
    өл­ше­не­тін 1 бір­лік­ке
    жал­пы
    1 өл­ше­не­тін бір­лік­ке
    м3
    кг
    м3
    кг
    м3
    кг
    м3
    кг
    м3
    кг
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    Барлығы ____________
    Тәулігіне орташа _______________
    Қолдары ______________
    Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы __________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.