Нұсқаның өзектілігі
Қолданыстағы
Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы «Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №105 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес,, Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №105 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 112787 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.