"Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулык жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 27 мамырдағы № 97-ө өкімін орындау жөніндегі шаралар туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    "Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулык жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 27 мамырдағы № 97-ө өкімін орындау жөніндегі шаралар туралы

    "Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 27 мамырдағы № 97-ө өкімін орындауда ШЕШТIМ:

    1. 1998-2000 жылдарға Қостанай облысының денсаулық сақтау саласының аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қосымша).

    2. Облыстық қаржы басқармасы (А.А.Сейілов):

    - иммунизация жөніндегі және туберкулез жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру шараларын ерекше қаржыландыруды қамтамасыз етсін;

    - 1999 жылдан бастап одан кейінгі жылдардың жыл сайынғы бюджеттерінің жобаларында 1998-2000 жылдарға Қостанай облысының денсаулық сақтау саласының аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажетті ассигнование қарастырсын.

    3. Қалалар және аудандар әкімдері:

    - су құбыры құрылғыларының және қоғамдық пайдаланудағы құдықтардың санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын;

    - кәсіпорындар, мекемелер басшыларынан, жеке және заңды тұлғалардан жыл сайынғы сауықтыру шаралары кешенінің толық өтуін (халықты жоғары сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатымен су қүбырларын тазарту, жуу, дезинфекциялау, жөндеу) талап етсін;

    - елді мекендер жанындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын көркейтсін, халықтың демалысы мен ауыз су үшін пайдаланатын су көздерінің жанында малды ұстау үшін рұқсатсыз жасалған жазғы алаңдарды, күл-қоқыс орындарын жойсын;

    - көшедегі сауданы тәртіпке келтірсін, тез арада бүлінетін тамақтарды сатуға аса назар аударсын;

    - ауылдық аудандардың орталық аудандық ауруханалар жанындағы жабылып қалған туберкулезге қарсы бөлімдерді қалпына келтіру қажеттігі туралы мәселені қарасын;

    - қоршаған ортаны ластайтын заттардың көп мөлшерде шығарылуы мен лақтырып тасталуының нормативтерін сақтауды қамтамасыз етсін.

    4. Облыстық мемсанэпидқадағалау басқармасы (Ж.Ә.Қожмұхаметов):

    - емдеу-профилактикалық мекемелерінде, әсіресе әйелдер босанатын мекемелерінде санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуы үшін бақылау орнатсын;

    - "Таза су" бағдарламасы шараларының орындалуына бақылау жасасын.

    5. Облыстық экология және биоресурстар басқармасы (А.Д.Кәрімов) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жетілдірсін.

    6. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Ж.Қ.Мақанов) санитарлық-гигиеналық ережелерді және салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулық жағдайын жақсарту жөнінде алдын алу мен қажетті шаралар туралы халықпен ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізсін.

    7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (В.Б.Якимов) осы шешімнің орындалу барысы туралы хабарламаны есептегі тоқсандағы келесі айдың 1 жұлдызына облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміне берсін.

    8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш.Бектұрғановқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    Т. Қадамбаев

    Қазақстан Республикасы

    Қостанай облысы әкімінің

    1998 жылғы 30 маусымдағы

    № 103 шешіміне қосымша

    Қостанай облысы денсаулық сақтау саласының 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы

    Рет №
    Іс-шаралар атаулары
    Орындау мерзімі
    Орындаушылар
    1
    ҚР Президентінің 98ж.18.05. Жарлығын орындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
    1.1.
    Облыс, қалалар, аудандар әкімдері аппараттарының жанынан жұмысшы топтарын құру және ҚР Президентінің 98 ж. 18 мамырдагы № 3956 "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Жарлығын жүзеге асыру жөнінен жұмыстар жүргізу
    1998 ж. мамыр
    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, қалалық денсаулық сақтау бөлімдерінің меңгерушілері /ҚЦБ/ орталық аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері /ОАА/, қалалар және аудандар әкімдерінің аппараттары
    1.2.
    Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы алқасының отырысын еткізу
    1.06.1998 ж.
    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы /ОДБ/
    1.3.
    ОДБ, қалалық денсаулық сақтау бөлімінін/ҚДБ/, емдеу-профилактикалық мекемелердің /ЕПМ/ бас және мамандары баяндамаларының кестесін бекіту
    1998 ж. маусым
    ОДБ, ҚДБ, ОАА
    1.4.
    Облыстык денсаулық және қалалық ЕПМ медицина қызметкерлері ұжымдарында Жарлықты талқылауға өткізу
    1998 ж. маусым
    ОДБ, ҚДБ, ОАА
    1.5.
    Жарлықты орындау жөнінде облыстық денсаулық маусым сақтау басқармасының бұйрығын даярлау
    1998 ж. маусым
    ОДБ
    2
    Денсаулық сақтау саласын басқаруды жетілдіру
    2.1.
    Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі оңтайландыру және құрылымын қайтадан қарау жөнінен іс-шаралар жүргізу ЕПМ пайдаланылмай жатқан ғимараттар мен қызмет орындарын босату;
    нақтылы қаржыландырылуын ескере келіп ЕПМ тиімсіз пайдаланылып жатқан жүйелерді қысқарту
    Жыл бойына
    ОДБ, ҚДБ, меңгерушісі, ОАА бас дәрігері
    2.2.
    Медициналық комиссиялардың жұмыстарын қамтамасыз ету:
    медициналық қызмет жөнінде;
    фармацевтикалық қызмет жөнінде
    Кесте бойынша
    ОДБ
    2.3.
    Облыстық аумақтық базалық бағдарламаны әзірлеу және бекіту
    1 тоқсан және жыл сайын
    ОДБ, міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлімшесі /ММСҚОБ/
    2.4.
    Еркін тендер шартымен ЕПМ дәрі-дәрмек, қондырғылар, көлік алуына бақылауды жүзеге асыру
    Жыл сайына
    ОДБ, бас мамандар
    2.5.
    Денсаулық сақтау мәселелерін шешуге қоғамдық ұйымдарды тарту, олардың денсаулық сақтау саласындағы қызметіне көмек көрсету және үйлестіру
    Жыл сайына
    ОДБ, бас мамандар
    2.6.
    Облыстық, аудандық, қалалық ЕПМ, селолық, учаскелік ауруханалар /СУА/ және селолық дәрігерлік амбулаториялардың /СДА/ дәрігерлері үшін
    1998 жылдың 2 тоқсаны
    ОДБ
    2.7.
    "Амбулатория жұмысының қағидасы-отбасылық дәрігер" тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастыру және өткізу
    1998 жылдың 2 тоқсаны
    ОДБ
    3
    Экономикалық іс-шаралар
    3.1.
    Денсаулық сақтау саласын жан басылық қаржыландыруға және медицина қызметкерлерінің еңбегіне ММС жагдайында ақы төлеуге көшіру жөнінде іс-шаралар өткізу
    1998 ж.
    ОДБ, обл. қаржы басқармасы, ММСҚОБ
    3.2.
    ММСҚОБ және ОДБ араларында тарифтер мен тарифтік келісімдер даярлау және бекіту
    1 тоқсан жыл сайын
    ОДБ, ММС, ҚОБ
    3.3.
    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан бағасы қымбат қондырғылар, дәрі- дәрмек, вакцина мен сарысу алуға және мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру үшін орталықтандырылған қор құру
    1998 жыл
    ОДБ, обл. қаржы басқармасы
    3.4.
    Заңға сәйкес ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сервистік сипаттағы ақылы медициналық қызмет көрсетуді кеңейту
    Тұрақты
    ОДБ, ҚДБ, ОАА
    3.5.
    Жеке медициналық практиканы дамыту және қолдау
    Тұрақты
    ОДБ, ҚДБ, ОАА
    4
    Алғашқы медико-санитарлық,тұрақты және мамандандырылған көмек ұйымдастыру
    4.1.
    Оның халықтың қолы жетуін қамтамасыз ету, жан басылық қаржыландыру жүйесін енгізу мақсатында амбулаториялы-емханалық көмекті оңтайландыру
    Тұрақты
    ОДБ, ОАА бас дәрігерлері, аудан әкімдерінің аппараттары
    4.2.
    Фельдшерлік-акушерлік пункттердің /ФАП/ СДА, СУА жабу туралы бұрындары қабылданған шешімдерді қайта қарау және оларды қалпына келтіру жөнінен шаралар қабылдау
    1998 ж.
    ОДБ, ОАА бас дәрігерлері, аудан әкімдерінің аппараттары
    4.3.
    Медициналық көмек көрсетудің жаңа ұйымдастыру нысандарын одан әрі дамыту /күндізгі тұрақты орындар, үйдегі тұрақты орындар, отбасылық амбулаториялар/
    Тұрақты
    ОДБ, ОАА бас дәрігерлері, аудан әкімдерінің аппараттары
    4.4.
    Олардың міндеттеріне өзгертілген тәсілдерді ескере отырып тұрақты мекемелер жүйелері жұмыстарының тиімділігін арттыру. Медициналық көмектің сұранысқа ие түрлері бойынша көйкілерді қайта бейіндеу
    Тұрақты
    ОДБ, ҚДБ, ОАА, облыстық емдеу-профилактикалық мекемелердің бас мамандары
    4.5.
    Халыктың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын /балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар және басқалар/ медициналық көмектің кепілді мөлшерімен қамтамасыз ету
    Тұрақты
    ОДБ, ҚДБ, ОАА, облыстық емдеу-профилактикалық мекемелердің бас мамандары
    4.6.
    ЕПМ тексерілу және емделудің сапа стандартына сәйкес медициналық қызметтің сапасын бағалау жөніндегі жұмыстарды жетілдіру
    Тұрақты
    ОДБ, ҚДБ, ОАА, обл. ЕПМ
    4.7.
    Қалалық, облыстық, аудандық ЕПМ есептеу - есеп беру құжаттарын өңдеу бойынша компьютерлік технологияны енгізу
    Тұрақты
    ОДБ, ҚДБ, ОАА, обл. ЕПМ
    4.8.
    Амбулаториялық-емханалық көмекті жетілдіру мақсатында "Отбасылық дәрігер" амбулаториясын ұйымдастыру:
    10 амбулатория
    5 амбулатория
    1998-2000 ж.ж.
    1998 ж.
    1999 ж.
    ОДБ, ҚДБ, ОАА, обл. ЕПМ
    4.9.
    СУА, СДА, ФАП негіздерінде аумақтық медициналық орталық ұйымдастару
    1998 ж.
    ОАА, аудан әкімдерінің аппараттары
    4.10.
    /БМДМ/ білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 97ж.14.08 "ЖПД қызметін даярлау және дамыту туралы" № 393 бұйрығын орындауды қамтамасыз ету
    1998-2000 ж.ж.
    ОАА, аудан әкімдерінің аппараттары
    5
    Ана және баланы қорғау
    5.1.
    "В" гепатитіне қарсы жалпы вакцина егу, оның ішінде 5 жасқа дейінгі балаларды иммундеудің толық жоспарын жасау
    1998 ж. ішінде
    ОДБ
    5.2.
    "А" және "В" гепатитіне қарсы қажетті қаржыландыру және вакцина алу көлемін анықтау
    1998 ж. ішінде
    ОДБ, облыстық санэпидқадағалау басқармасы /ОСЭҚБ/
    5.3.
    Қостанай қаласында қалалық балалар ауруханасының негізінде өткір респираторлық және диарейлік аурулармен күрес жөніндегі облыстық орталық пен Арқалық қаласында оның филиалын ұйымдастыру
    1998 жыл
    5.4.
    Педиатрлық және акушерлік-гинекологиялық көмектің жағдайын бағалау мақсатында мыналар өткізілсін: әйелдер мен балаларға амбулаториялық-емханалық және тұрақты көмектің сапалық көрсеткіштерін талдау; иммунопрофилактика жағдайын талдау; болдырмау тұрғысынан алғанда нәресте және ана өлімін талдау
    Жыл сайын
    0ДБ, ҚДБ, 0АА
    5.5.
    Отбасын жоспарлау және денсаулық қорғау; аналардың өлімін азайту; емшек емізу тәжірибесін ынталандару және қолдау, қорғау жөніндегі республикалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету
    Жыл сайын
    0ДБ, ҚДБ, 0АА
    6
    Туберкулезге қарсы қызмет
    6.1.
    Туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық үйлестіру, қалалық, аудандық кеңестер құру және жұмыстарын жандандыру
    1998 жыл
    Облыс, қалалар және аудандар әкімдерінің аппараттары, облтубдиспансер /ОТД/ ҚДБ, ОАА
    6.2.
    6.2. Құрамында жалпы емдеу жүйесінің, санэпидстансалардың медицина қызметкерлері, малдәрігерлік қызметтің мамандары, БАҚ өкілдері бар туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық, аудандық, қалалық төтенше комиссиялар құру
    1998 жыл
    Облыс, қалалар және аудандар әкімдерінің аппараттары, ОТД, ҚДБ, ОАА
    6.3.
    Жаңадан туған нәрестелерді туберкулезге қарсы иммундау жоспарын орындауды қамтамасыз ету
    1998 жыл
    ОДБ, ОТД
    6.4.
    Туберкулезге қарсы химиялық препараттардың вакциналардың тұтыну қажеттілігін анықтау
    1998 жыл
    ОДБ, ОТД, ОСЭҚБ
    6.5.
    Облтубдиспансерде, қалалар мен аудандардың тубмекемелерінде Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ұйымы ұсынган 'ДОТС" багдарламасы бойынша туберкулезді қысқа мерзімді бақылау химиотерапиясын енгізу
    1998 жыл
    ОДБ, ОТД, КДБ, ОАА
    6.6.
    Тәуекел тобына жатқызылған адамдарды жасақтауды жалғастыру, балалар және ересектер арасында туберкулезді анықтауға жеке алдын ала байқау өткізу, жалпы емдеу жүйесінің лабороторияларында сезік туғызатындарды бактериологиялық тексеруден өткізу
    1998-2000 ж.ж.
    ОДД, КДБ, ОАА
    6.7.
    Облыстың қолайсыз эпиджағдайлары бар аудандарында туберкулезге қарсы көйкелерді қалпына келтіру мәселесін әзірлеу
    1998-2000 ж.ж.
    Аудан әкімдерінің аппараттары, ОТД, ОАА
    6.8.
    Облыстың барлық аудандарында санаториялық топтар ұйымдастыру
    1998-1999 ж.ж.
    ОАА, аудан әкімдерінің аппараттары
    6.9.
    Туберкулезге қарсы мекемелерде көйке қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, күндізгі стационарлар мен үйдегі стационарларды кеңірек пайдалану
    1998-2000 ж.ж.
    ҚДБ, ОАА
    6.10.
    Аудандар мен қалалардағы туберкулезге қарсы жұмысты жыл сайын тексеру және бақылау мақсатында облтубдиспансердің базасында мамандардың көшпелі бригадасын құру
    1998 жыл
    ОДБ, ОТД
    6.11.
    Қазақтың туберкулезді ҒЗИ базасында облтубдиспансердің дәрігер-фтизиатрларын "ДОТС" бағдарламасы бойынша қыоқа мерзімді бақылаулы химиялық терапия өткізуге үйрету
    1998 жыл
    ОДБ, ОТД
    6.12.
    Облтубдиспансердің базасында аудандардың фтизиатрларымен қысқа мерзімді бақылаулы химиялық терапия өткізу жөнінен оқыту мен семинарлар өткізу
    1998 жыл
    ОДБ, ОТД
    6.13.
    Туберкулезге сезікті кісілердің бактериоскопиясын жүргізу үшін ОАА, СУА, СДА клиникалық лабороторияларының лаборанттарын облтубдиспансердің бактериологиялық лабороториясы базасында оқыту
    1998 жыл
    ОДБ, ОТД
    6.14.
    Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық арналарында туберкулездің алдын алу жөніндегі білімдерді насихаттауды жүргізу
    1998-2000 ж.ж.
    ОТД, облтелерадиокомпания, "Қостанай таңы", "Костанайские новости" газет редакциялары (келісім бойынша)
    7
    Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
    7.1.
    Барлық істеп жатқан су тартқыларда, су тартқыш құрылыстарда, тазарту, залалсыздандыру және фтораторлы қондырғылардың жұмыстарына санитарлық қорғау аймағын қалпына келтіруге қатаң бақылауда қамтамасыз ету
    1998-2000 ж.ж.
    ОСЭҚБ ,аудан әкімдерінің аппараттары
    7.2.
    Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі "Таза су" бағдарламасының іс-шараларының орындалуын бақылау
    1998-2000 ж.ж.
    ОСЭҚБ, аудан әкімдерінің аппараттары
    7.3.
    Ауылдық жерлердегі су құбырларының барлығына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, тазарту, хлорлауды жүргізу
    1998-2000 ж.ж.
    Шаруашылық басшылары, поселкелер мен село әкімдерінің аппараттары
    7.4.
    Қостанай қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысын аяқтау
    1999 ж.
    Қостанай қаласының әкімі
    7.5.
    Затобол аудандық поселкесінде ағын суларды Қостанай қаласының тоған-жинағышына ағызатын шарфикальдық канализация құрылысын аяқтау
    1999 ж.
    Қостанай қаласының әкімі
    8
    Міндетті медициналық сақтандыру мен денсаулық сақтауды реформалау мәселелері
    8.1.
    ММС бағдарламасы базасының негізінде ММС аумақтық бағдарламасын жасау және облыс әкімінің шешімімен бекіту
    Қаңтар
    ОДБ, ММСҚОБ
    8.2.
    ММС жағдайында ФАП, СДА, СУА қызметтерінің бағдарламаларын жасау және оларды қаржыландыру
    Қаңтар
    ОДБ, ММСҚОБ
    8.3.
    ЕПМ экономистерімен, бухгалтерлерімен және статистика кабинеттерінің қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізу
    Ақпан
    ОДБ, ММСҚОБ
    8.4.
    ММС жағдайында ЕПМ қызметінің нәтижесі бойынша директорлар кеңесі мен ОДБ алқасының бірлескен мәжілісін откізу
    Ақпан, жыл сайын
    ОДБ, ММСҚОБ
    8.5.
    ММС қаржысын мақсатты пайдалану жөнінде ЕПМ тексеруін қамтамасыз ету
    1998-2000 ж.ж.
    ОДБ, ММСҚОБ
    8.6.
    ФАП, СУА, СДА жан басына қаржыландырудың нормативін жасау және енгізу
    1998 ж.
    ОДБ, ММСҚОБ
    8.7.
    ММСҚОБ, ОДБ және ЕПМ араларында бірынғай ақпарат желісін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру
    1998-2000 ж.ж.
    ОДБ, ММСҚОБ, КДБ, ОАА, обл. ЕПМ
    8.8.
    Бірыңғай ақпарат желісі жүйесіндегі бағдарламамен жұмыс істеуге медицина мекемелерінің ЭВМ операторларын оқытуды жалғастыру
    1998-2000 ж.ж.
    ММСҚОБ
    8.9.
    Бюджеттік-сақтандыру медицинасы жағдайында "денсаулық сақтауды басқарудың актуальдық мәселелері" тақырыбы бойынша дәрігерлер білімін жетілдіретін Алматы мемлекеттік институтында көшпелі цикл өткізу
    1998 ж.
    СДБ, ММСҚОБ
    9
    Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмыстар
    9.1.
    Қалалар мен аудандарда салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде облыстық үйлестіру кеңесін құру
    1998 ж.
    СДБ, КДБ, ОАА әкім аппарат
    9.2.
    Салауатты өмір салтын құратын облыстық орталық ұйымдастыру
    1998 ж.
    Обл. қаржы басқармасы
    9.3.
    Салауатты өмір салтын құру жөнінде банк ақпаратын құрудагы жұмысты жандандыру
    1998-2000 ж.ж.
    ОДБ, КДБ, ОАА
    9.4.
    Салауатты өмір салтын құру жөнінде шаралар жоспарын жасау
    1998 ж.
    ОДБ, КДБ, ОАА
    9.5.
    Белсенділігін арттыру:
    - әдістемелік сауықтыру материалдарын шығарудың;
    - салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөнінде тақырыптық және радио бағдарламалар дайыңдаудың:
    - білім және денсаулық сақтау мекемелері үшін медициналық психолог-валеолог бейіні бойынша мамандар даярлаудың
    1998-2000 ж.ж.
    1998-2000 ж.ж.
    1998-2000 ж.ж.
    Облыс әкімі аппаратыны, ОДБ
    Қостанай валеология институты
    9.6.
    Оқушылардың валеологиялық білім алу бағдарламасын енгізуді жетілдіру және дайындау
    1998-2000 ж.ж.
    Қостанай валеология институты
    9.7.
    Жыныстық қатынас жолымен жұғатын аурудың алдын алудың белсенділігін арттыру /БҰҰ мен Каунтрипарк даму бағдарламасын ұйымдық және қаржылай қолдауда /ВИЧ/СПИД/ нашақорлық алкогольмен айналысқанда/
    1998-2000 ж.ж.
    ОДБ, облнаркодиспансер, облтерівендиспансер, ҚАБ, ОАА
    9.8.
    Судың және тамақ өнімдерінің сапасын арттыруға ықпал жасайтын қатаң әкімшілік шаралар әзірлеу және енгізу
    1998-2000 ж.ж.
    ОСЭҚБ, қала және аудан әкімдерінің аппараттары
    10
    Кадрлармен жұмыс
    10.1.
    Денсаулық сақтаудың бастауыш буынының мекемелерін дәрігер кадрлармен және орта буынды медицина қызметкерлерімен толықтыруды қамтамасыз ету
    1998-2000 ж.ж.
    ОАА бас дәрігерлері
    10.2.
    Медқызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізу. Білім жетілдіру курстарында жыл сайын кемінде 200 дәрігердің 350 орта медқызметкердің оқытылуын қамтамасыз ету
    1998-2000 ж.ж.
    Аудандық және қалалық ЕПМ бас дәрігерлері
    10.3.
    ОДБ жанындағы аттестациялық комиссиялардың тұрақты жұмысын ұйымдастыру
    Тоқсан сайын
    ОДБ, обл ЕПМ бас мамандары
    10.4.
    Жас мамандардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету
    1998-2000 ж.ж.
    ОДБ, КДБ, ОАА бас дәрігерлері, қала және аудан әкімдерінің аппараттары
    10.5.
    Мемлекеттік тілді оқыту жөнінде орталық /үйірме/ жұмысын ұйымдастыру
    1998-2000 ж.ж.
    ОДБ, КДБ, ОАА бас дәрігерлері, қала және аудан әкімдерінің аппараттары
    10.6.
    Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудің нақты шараларын жасау /машинистка, аудармашы, тілді міндетті түрде үйрену/
    1998-2000 ж.ж.
    ОДБ, КДБ, ОАА бас дәрігерлері, қала және аудан әкімдерінің аппараттары

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.