«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:
«98-1) курсанттардың тыныс-тіршілігімен және тұрмысымен танысу үшін олардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
2. Осы қаулы 2024 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.