Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 20 ақпан 2024 ж.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2020 жылғы 24 маусымдағы №85 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2020 жылғы 24 маусымдағы №85 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6284 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратөбе ауданының әкімі
К. Суйеугалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.