Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 8/3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №8/3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №6391-13 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген қағиданың 7-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын.
15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні:
Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге, біржолғы 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Б. Джумабеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.