Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 «Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4529 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 - тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген), Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:
қазақ тіліндегі реттік нөмірі 24-жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«
|
24
|
Жаңаөзен қаласы, «Астана» шағын ауданы, Қашаған көшесі, №24 үйдің алдында
|
24
|
жоқ
|
бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату)
|
5
»;
қазақ тіліндегі реттік нөмірі 33-жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«
|
|
33
|
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, Достық даңғылы, №15/2 құрылысының оң жағында
|
48
|
«Мерей» мини-маркеті
|
бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату)
|
5
».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Жаңаөзен қаласының әкімі
Ж. Қайнарбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.