Мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 ақпан 2024 ж.

    Мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 84,85,86,87,88 бабтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63 бабына сәйкес, «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы «Жезқазған-Қарағанды» учаскесіндегі қайта жаңарту жобасын іске асыру мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

    1. Қосымшаға сәйкес,жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

    2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң мәжбүрлеп иеліктен шығару күнінің бастау күні болып белгіленсін.

    3. «Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі», «Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдық округі әкімінің аппарты», «Жаңаарқа ауданының Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппарты» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында қарастырылған осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер пайдаланушыларға мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдері алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы жазбаша хабарлама жолдасын.

    4. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік даңғылы № 5/1 мекенжайдағы «Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне хабарлассын.

    5. «Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының әділет органдарында тіркелуін, ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.

    6. «Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    7. Осы қаулының орындалуын аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әбдіғожинға жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Қ. Қожықаев

    Жаңаарқа ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 15 ақпандағы

    № 16/01 қаулысына қосымша

    Жер иеленушінің Т.А.Ә.
    Кадастрлық №
    Жер телімінің заңды мекен-жайы
    Жер телімінің көлемі,га
    Санаты
    1
    Оспанов Бауыржан Нажитович
    25-104-014-277
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    7,1615
    Жайылым
    2
    Бодыков Дюсенбай Жалгауович
    25-104-014-269
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    12,4219
    ТЖ жайылым*
    3
    Оспанов Бауыржан Нажитович
    25-104-014-272
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    20,8892
    ТЖ жайылым*
    4
    Култанов Темирхан Култанович
    25-104-014-270
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    13,2833
    Егістік
    5
    Рсалдин Ханислам Жумажанович
    25-104-014-266
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    2,6727
    ТЖ жайылым*
    6
    Жунусбеков Жубаныш Бейбитович
    25-104-014-271
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    13,4135
    Жайылым
    7
    Шагиров Меиржан Киякович
    25-104-014-268
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    10,2508
    ТЖ жайылым*
    8
    Тусупов Досым Кудайбергенович
    25-104-014-267
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    6,8401
    ТЖ жайылым*
    9
    Рсалдин Ханислам Жумажанович
    25-104-014-273
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    44,1491
    ТЖ жайылым*
    10
    Баязитова Шаис
    25-104-014-265
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    65,4548
    Жайылым-42,1714
    ТЖ жайылым* -23,2834
    11
    Рахимбергенов Балтабай
    25-104-014-286
    Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.
    49,9582
    Жайылым-18,8182
    ТЖ жайылым *-31,1400
    12
    Куанышбеков Наурызбай
    25-104-030-393
    Жаңаарқа ауданы,Сейфуллин а.о.
    11,3419
    Жайылым
     
     
     
     
    257,837
     
    *ТЖ-түбінен жақсартылған

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.