Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-84 «Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191923 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы
Т. Ахажан
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.