Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өнеркәсіптік меншік саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 ақпан 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өнеркәсіптік меншік саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы

    «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет» кәсіптік стандарты бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Әділет министрі

    А.Н. Есқараев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2024 жылғы 14 ақпандағы

    № 139 бұйрығына қосымша

    «Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет» кәсіби стандарты

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет» кәсіптік стандарты әзірленді, ол өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты сараптама жүргізетін сараптама ұйымы мамандарының біліктілік деңгейіне, құзыреттілігіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және зияткерлік меншік саласында қолданылады.

    2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен айқындаулар қолданылады:

    1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

    2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

    3) зияткерлік меншік – зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне және азаматтық айналымға, тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге қатысушыларды дараландыру құралдарына айрықша құқық, сондай-ақ жеке мүліктік емес құқықтар;

    4) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

    5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

    6) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

    7) өнеркәсіптік меншік – өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне (қызмет көрсету белгілері), географиялық көрсеткіштерге, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына айрықша құқық.

    3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

    БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

    БА – Біліктілік анықтамалығы;

    СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;

    ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.

    2 тарау. Кәсіби стандарттың паспорты

    4. Кәсіптік стандарттың атауы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет».

    5. Кәсіби стандарт коды: M69109.

    6. ЭҚЖЖ сәйкес секцияны, бөлімді, топты, сыныпты және кіші сыныпты көрсету:

    М - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

    69 - құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет;

    69.1 - құқық саласындағы қызмет;

    69.10 - құқық саласындағы қызмет;

    69.10.9 - құқық саласындағы өзге де қызмет.

    7. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: бұл стандарт Өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты сараптама жүргізетін сараптама ұйымының мамандарына қойылатын талаптарды сипаттайды.

    Өнеркәсіптік меншік объектілерін сараптау жөніндегі қызмет-бұл әртүрлі зияткерлік меншік объектілеріне қатысты сараптамалық бағалаулар мен зерттеулер жүргізілетін мамандандырылған сала. Бұл сала зияткерлік меншік объектілеріне қатысты күзет алу мақсатында жүзеге асырылатын сараптама түрлерін қамтиды.

    Өнеркәсіптік меншік объектілері мыналарды қамтуы мүмкін:

    өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;

    селекциялық жетістіктер;

    тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері);

    географиялық көрсеткіштер;

    тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және т. б.

    8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

    СБШ бойынша зияткерлік меншік жөніндегі маман – 6 деңгей.

    3-тарау. Кәсіп карточкалары

    9. «Зи­ят­кер­лік мен­шік жө­нін­де­гі ма­ман» ма­манды­ғы­ның кар­точ­ка­сы
    Топ­тың ко­ды
    2611-3
    Қыз­мет­тер ата­уы­ның ко­ды
    2611-3-007
    Кә­сіп ата­уы
    Зи­ят­кер­лік мен­шік жө­нін­де­гі ма­ман
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
    6
    СБШ бой­ын­ша кі­ші дең­гейі
    -
    БТ­БА, БА, үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
    Кә­сіп­тік бі­лім
    дең­гейі (ма­ман­дық)
    Жо­ға­ры бі­лім (6B042 құқық (құқық­та­ну, ха­лы­қа­ра­лық құқық), 6B053 фи­зи­ка­лық және хи­ми­я­лық ғы­лым­дар (фи­зи­ка), және/неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лі­мі
    Фор­мал­ды емес және ин­фор­мал­ды бі­лім­мен бай­ла­ныс
    Жоқ.
    Кә­сіп­тер­дің бас­қа ық­ти­мал ата­у­ла­ры
    Зи­ят­кер­лік мен­шік бой­ын­ша заң­гер
    Қыз­мет­тің негіз­гі мақ­са­ты
    Өнер­к­ә­сіп­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­ріне өті­нім­дер­ді қа­рау және са­рап­та­ма жүр­гі­зу.
    Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның тіз­бе­сі
    Мін­дет­ті ең­бек функ­ци­я­ла­ры:
    1. Өнер­к­ә­сіп­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­ріне са­рап­та­ма жүр­гі­зу
    2. Өнер­к­ә­сіп­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­де­рін жүр­гі­зу
    Қо­сым­ша ең­бек функ­ци­я­ла­ры:
    -
    Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның си­патта­ма­сы
    1-ең­бек функ­ци­я­сы:
    Өнер­к­ә­сіп­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­ріне са­рап­та­ма жүр­гі­зу
    1-дағ­ды:
    Өнер­к­ә­сіп­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­ріне өті­нім­дер­ді қа­рау
    Ма­шық­тар:
    1. Кә­сі­би тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау үшін сан­дық құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну;
    2. Өті­нім­дер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер­ді тол­ты­ру­дың дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру;
    3. Өті­нім бой­ын­ша іс­кер­лік хат ал­ма­су­ды жүр­гі­зу;
    4. Өті­нім­ді қа­рау үшін ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ді қол­да­на бі­лу;
    5. Ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­ды зерт­теп, олар­ды ба­ға­лау;
    6. Өнер­к­ә­сіп­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін тір­ке­у­ге ар­нал­ған өті­нім­ге қа­ты­сты мә­лі­мет­тер­ді бюл­ле­тень­де жа­ри­я­лау.
    Бі­лім:
    1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық және өзге де нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі және зи­ят­кер­лік мен­шік са­ла­сын­да­ғы ха­лы­қа­ра­лық ак­ті­лер;
    2. Ұй­ым­да­ғы биз­нес-про­це­стер­дің әді­сте­рі;
    3. Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­нің жұ­мыс іс­теу прин­ципте­рі;
    4. Зи­ят­кер­лік мен­шік құқық­та­рын қор­ғау бө­лі­гін­де­гі құқық­тық ас­пек­ті­лер.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    2- дағ­ды:
    Бі­лік­ті­лік өті­нім­де­рі бой­ын­ша са­рап­та­ма жүр­гі­зу:
    Ма­шық­тар:
    1. Па­тент­тік және өзге де құ­жат­та­ма­ға тал­дау жүр­гі­зу;
    2. Тех­ни­ка­лық ше­шім­дер­дің бі­ре­гей­лі­гі мен жа­ңа­лы­ғы дә­ре­же­сін анық­тау;
    3. Объ­ек­ті­лер бой­ын­ша ти­іс­ті із­деу және са­лы­стыр­ма­лы тал­дау жүр­гі­зу;
    4. Са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­лар жа­сау;
    5. Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма негі­зін­де есеп пен қо­ры­тын­ды жа­сау;
    6. Өнер­к­ә­сіп­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­ріне са­рап­та­ма жүр­гі­зу;
    7. Бас­қа құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ма­ман­да­ры­мен өза­ра әре­кет­те­су;
    8. Бел­гі­лен­ген нор­ма­лар­ға сәй­кес зерт­те­улер жүр­гі­зу;
    9. Жүр­гі­зі­ле­тін зерт­те­улер­дің са­па­сын ба­қы­ла­у­ға қа­ты­су;
    10. Ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар­ды ес­ке­ру.
    Бі­лім:
    1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық және өзге де нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі және зи­ят­кер­лік мен­шік са­ла­сын­да­ғы ха­лы­қа­ра­лық ак­ті­лер;
    2. Та­у­ар­лар мен қыз­мет­тер­дің ха­лы­қа­ра­лық жік­те­луі;
    3. Са­уда бел­гі­ле­ріне қа­ты­сты биб­лио­гра­фи­я­лық де­ректер­ді анық­та­у­ға ар­нал­ған ха­лы­қа­ра­лық код­тар;
    6. Өнер­к­ә­сіп­тік үл­гі­лер­ге қа­ты­сты биб­лио­гра­фи­я­лық де­ректер­ді анық­та­у­ға ар­нал­ған ха­лы­қа­ра­лық код­тар;
    7. Өнер­та­быст­ар мен пай­да­лы мо­дель­дер­ге қа­ты­сты биб­лио­гра­фи­я­лық де­ректер­ді анық­та­у­ға ар­нал­ған ха­лы­қа­ра­лық код­тар;
    8. Ел­дер мен үкі­ме­та­ра­лық ұй­ым­дар­дың ата­у­ла­рын ұсы­ну үшін екі әріп­тен тұ­ра­тын код­тар­дың тіз­бе­сі;
    9. Өнер­к­ә­сіп­тік үл­гі­лер­дің ха­лы­қа­ра­лық клас­си­фи­ка­ци­я­сы;
    10. Ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тік жік­теу.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    2-ең­бек функ­ци­я­сы:
    Өнер­к­ә­сіп­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рі­нің және да­ра­лау құ­рал­да­ры­ның мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­де­рін жүр­гі­зу
    1-дағ­ды:
    Бағ­дар­ла­ма­лық-тех­ни­ка­лық ке­шен­ді мең­ге­ру
    Ма­шық­тар:
    1. За­ма­на­уи ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­ну;
    2. Өнер­к­ә­сіп­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін тір­ке­у­ге қа­ты­сты мә­лі­мет­тер­ді бюл­ле­тень­де жа­ри­я­лау;
    3. Мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­дер­ден үзін­ді кө­шір­ме­лер ұсы­ну.
    Бі­лім:
    1. Жұ­мыс прин­ципте­рі және Мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­дер­ді жүр­гі­зу тәр­ті­бі;
    2. Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүйе жұ­мысы­ның негіз­де­рі;
    3. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық және өзге де нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі және зи­ят­кер­лік мен­шік са­ла­сын­да­ғы ха­лы­қа­ра­лық ак­ті­лер.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    Же­ке құ­зы­рет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
    Стра­те­ги­я­лық және жүй­е­лік ой­лау
    Нәти­же­ге бағ­дар­лау неме­се са­па­ға бағ­дар­лау
    Ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­нас дағ­ды­ла­ры
    Тұ­рақ­ты өзін-өзі да­мы­ту
    Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер мен ұлт­тық стан­дарт­тар­дың ті­зі­мі
    СБШ шең­бе­рін­де­гі бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
    СБШ дең­гейі
    Кә­сіп­тің ата­уы
    7
    Зи­ят­кер­лік мен­шік мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі са­рап­шы

    4-тарау. Кәсіби стандарттың техникалық деректері

    10. Мемлекеттік органның атауы:

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.

    Орындаушы: Ж.Ж. Ысқақ, [email protected], 74-09-93.

    11. Әзірлеуге қатысқан ұйымдар (кәсіпорындар):

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

    Орындаушы: А.В.Тринколенко, [email protected], 62-15-09.

    12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы зияткерлік меншік саласындағы кәсіптік біліктіліктер бойынша салалық кеңес: 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 2 хаттамасы.

    13. Кәсіптік біліктілік бойынша ұлттық орган: 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қорытынды.

    14. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 2023 жылғы 29 желтоқсан.

    15. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2024 жыл.

    16. Бағдарлы қайта қарау күні: 2027 жылғы 15 желтоқсан.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.