Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 желтоқсан 2023 ж.

    Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62-бабы 6-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Шымкент қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін:

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылады.

    Шымкент қаласының әкімі

    Ғ. Сыздықбеков

    Қаулысына қосымша

    Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

    жыл
    Шым­кент қа­ла­сы­ның мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­рын­да­ғы мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту­ға мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы
    Бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге бір күн­ге ата-ана тө­ле­ма­қы­сы­ның мөл­ше­рі (тең­ге) (ар­найы мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар мен кор­рек­ци­я­лық топ­та­рын қо­с­па­ған­да)
    Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту ұй­ым­да­рын­да­ғы тәр­би­е­ле­ну­ші­лер са­ны
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­дың ор­та­ша құ­ны­ның бір ай­да­ғы мөл­ше­рі (тең­ге)
    Мем­ле­кет тік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым
    Же­ке­мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы жал­пы да­мы­ту топ­та­ры (10,5- са­ғат­тық ре­жим­де­гі топ)
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы жал­пы да­мы­ту топ­та­ры (то­лық емес күн бо­ла­тын топ­тар)
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы са­на­тор­лық топ­та­ры (10,5- са­ғат­тық ре­жим­де­гі топ)
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы кор­рек­ци­я­лық топ­та­ры (10,5- са­ғат­тық ре­жим­де­гі топ)
    Мем­ле­кет­тік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым мен мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс ор­на­ла­сты­ры­л­ған же­ке­мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым (жас ерекше­лі­гіне қа­рай)
    3 жасқа дейін
    3-7 жас
    2023
    18331
    51032
    45603
    19909
    67817
    81278
    544,58
    686,04
    2024
    18392
    54182
    46303
    20285
    68518
    81978
    544,58
    686,04

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.