Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 13 ақпан 2024 ж.
Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 343 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 343 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8916 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақтың оныншы абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
Н. Булатов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.