Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 470 «Әйтеке би ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 ақпан 2024 ж.

    Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 470 «Әйтеке би ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Әйтеке би ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 470 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7458 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Сейлханов

    Әйтеке би аудандық мәслихаттың

    2024 жылғы 9 ақпандағы

    № 173 шешіміне қосымша

    Әйтеке би аудандық мәслихатының

    2020 жылғы 14 қыркүйектегі

    № 470 шешіміне 2-қосымша

    Әйтеке би ауданындағы пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

    Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын:

    1) жаппай жерлеу орындарында – 800 метр;

    2) теміржол, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

    3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

    4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

    5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.