«Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 599 қаулының күшін жою туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 599 қаулының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 – бабы 8-тармағына сәйкес Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 599 қаулының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қонаев қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    Қала әкімі

    Н. Құматаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.