Қалжыр ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2023 ж.

    Қалжыр ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Қалжыр ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Күршім аудандық мәслихатының төрағасы

    К. Бахтияров

    Күршім аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 26 желтоқсандағы

    № 14/12-VΙІΙ шешіміне

    қосымша

    Қалжыр ауылдық округінің 2023–2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Қалжыр ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-жоспар), «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

    Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

    Жоспар құрамында:

     1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Қалжыр ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);

    2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);

    3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын (3-қосымша);

    4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);

    5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);

    6) Қалжыр ауылдық округі аумағында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);

    7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін (7-қосымша).

    Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

    Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округінің табиғи аймағы - таулы, жайылымдардың басым түрі: итмұрын және қайың көктеректі шөптер, селеу-сұлыбас-тобылғы.

    Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінде 4 елді мекен бар.

    Ауылдық округтің жалпы жерқоры 146602 гектар (бұдан әрі - га). Соның ішінде жайылымдар - 134911 га.

    Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:

    ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 140891 га;

    елдi мекендердiң жерлерi - 279 га;

    өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 85 га.

    Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.

    2023 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары) ірі қара мал - 5170 бас, ұсақ мал - 14470 бас, жылқы - 2119 бас.

    Қалжыр ауылында

    ірі қара мал - 1578 бас, ұсақ мал - 5095 бас, жылқы - 854 бас.

    Қалжыр ауылы жайылымдарының ауданы - 1079 гектар.

    Тақыр ауылында:

    ірі қара мал - 292 бас, ұсақ мал - 642 бас, жылқы - 127 бас.

    Тақыр ауылының жайылым алаңы - 1288 гектар.

    Оң жақ Қалжыр ауылында:

    ірі қара мал - 175 бас, ұсақ мал - 338 бас, жылқы - 56 бас.

    Оң жақ Қалжыр ауылы жайылымдарының ауданы - 1718,1 гектар.

    Шенгелді ауылында:

    ірі қара мал - 305 бас, ұсақ мал - 277 бас, жылқы - 132 бас.

    Шенгелді ауылының жайылым алаңы - 1648 гектар (№ 1 кесте).

    № 1 кесте

    Ел­ді-ме­кен­де­рі­нің ата­уы
    Ха­лық
    Ауыл­дық окру­гі
    Бар­лы­ғы
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    Бар­лы­ғы
    Оның ішін­де са­уын сиыр­лар
    Бар­лы­ғы
    Оның ішін­де са­уын сиыр­лар
    1
    Қал­жыр
    1578
    1009
    5095
    854
    Қал­жыр
    2350
    1446
    6352
    1169
    2
    Тақыр
    292
    177
    642
    127
    3
    Оң жақ Қалжыр
    175
    102
    338
    56
    4
    Шеңгелді
    305
    158
    277
    132
    Округте ауыл шаруашылық жануарларына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1 - ветеринарлық пункт, 1-мал қорымы ұйымдастырылған.
    Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Қалжыр ауылдық округі бойынша 134911 гектар жайылым жерлер бар.
    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Қалжыр ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекен жетіспеушілігі 3666 гектар (№ 2 кесте).
    № 2 кесте
    Ауылдық округі
    Жайылымалаңы, (га)
    Оның ішінде сауын сиырлар (бас)
    Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га)
    Жайылымдардың қажеттілігі, (га)
    Артылған (га)
    1
    Қалжыр
    5733
    1446
    6,5
    9399
    3666
    Қалжыр ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 5733 гектар берілді.
    Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 3666 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы - 6,5 га/бас, ұсақ мал - 1,3 га/бас, жылқы - 7,8 га/бас (№ 3 кесте).
    № 3 кесте
    Ауыл
    дық окру­гі
    Ха­лық
    Жай­ы­лым­ға­қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
    Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
    Мал жа­юү­шін бе­ріл­ді, га
    Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га)
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    Бар­лы­ғы (га)
    1
    Қал­жыр
    2350
    6352
    1169
    6,5
    1,3
    7,8
    15275
    8257,6
    9118,2
    32650,8
    5733
    26917,8
    26917,8 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-072-078 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет.
    Қалжыр ауылдық округінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде (бұдан әрі - ЖШС), шаруа және фермер қожалықтарында мал басы: ірі қара мал - 2820 бас, ұсақ қара мал - 8120 бас, жылқы - 950 басты құрайды.
    ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алаңы 10928,0 га құрайды (№ 4 кесте).
    №4 кесте
    Жер учас­ке­ле­рі­нің мен­шік ие­ле­рі мен жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
    Жал­пы ауда­ны (га)
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша бар бо­луы
    Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
    Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
    Бар
    лы­ғы
    МІМ
    МҰМ
    Жыл­қы
    МІМ
    МҰМ
    Жыл­қы
    МІМ
    МҰМ
    Жыл­қы
    Ι
    ЖШС, ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­тар
    10928,0
    2820
    8120
    950
    6,5
    1,3
    7,8
    18330
    10556
    7410
    36296
    Жиы­ны
    Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі 25368
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    МІМ – мүйізді ірі мал;
    МҰМ - мүйізді ұсақ мал;
    ШҚ-шаруа қожалығы.

    Қалжыр ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 1 қосымша

    Қалжыр ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

    Қалжыр ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 2 қосымша

    Жайылым айналымының қолайлы схемалары

    Жылдар
    Учаскелер
    1
    2
    3
    1
    Мал жаю
    Мал жаю
    Демалыс
    2
    Мал жаю
    Демалыс
    Мал жаю

    Қалжыр ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 3 қосымша

    Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

    Қалжыр ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 4 қосымша

    Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

    Қалжыр ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 5 қосымша

    Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

    Қалжыр ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 6 қосымша

    Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

    Қалжыр ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 7 қосымша

    Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

    Ауылдық округтің атауы
    Жайылымға малдардын шығарылу мерзімі
    Жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі
    1
    Қалжыр ауылдық округі
    Маусымның 1 жартысы
    Қыркүйектің 1 жартысы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.