Абай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Абай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Абай ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Күршім аудандық мәслихатының төрағасы

    К. Бахтияров

    Күршім аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 26 желтоқсандағы

    № 14/6-VІΙΙ шешіміне

    қосымша

    Абай ауылдық округінің 2023 – 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Абай ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-жоспар), «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

    Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

    Жоспар құрамында:

    1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Абай ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);

    2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);

    3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын (3-қосымша);

    4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);

    5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);

    6) Абай ауылдық округі аумағында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);

    7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін (7-қосымша).

    Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

    Күршім ауданы Абай ауылдық округінің табиғи аймағы - таулы, жайылымдардың басым түрі: итмұрын және қайың көктеректі шөптер, селеу-сұлыбас-тобылғы.

    Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Күршім ауданының Абай ауылдық округінде 3 елді мекен бар.

    Күршім ауданының Абай ауылдық округі жерінің жалпы ауданы 95719 га (бұдан әрі-га) құрайды. Оның ішінде жайылым - 32 434 га.

    Санаттар бойынша жер келесідей бөлінеді:

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 11037 га;

    елді мекендердің жерлері - 321 га;

    өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 85 га.

    Жайылымдардың негізгі пайдаланушылары Абай ауылдық округінің Бурабай, Қойтас, Теректібұлақ ауылдарының тұрғындары болып табылады.

    Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданды.

    2023 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданының Абай ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары) ірі қара мал - 8202 бас, ұсақ мал - 13349 бас, жылқы - 2852 бас.

    Бурабай ауылында:

    ірі қара мал - 865 бас, ұсақ мал - 1207 бас, жылқы - 210 бас.

    Бурабай ауылы жайылымдарының ауданы - 6240 гектар.

    Қойтас ауылында:

    ірі қара мал - 923 бас, ұсақ мал - 1239 бас, жылқы - 409 бас.

    Қойтас ауылы жайылымдарының ауданы - 3620 гектар.

    Теректібұлақ ауылында:

    ірі қара мал - 1167 бас, ұсақ мал - 2549 бас, жылқы - 248 бас.

    Теректібұлақ ауылы жайылымдарының ауданы - 3461 гектар (№ 1 кесте).

    № 1 кесте

    Ел­ді ме­кен ата­уы
    Ха­лық
    Ауыл­дық округ
    Бар­лы­ғы
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    Бар­лы­ғы
    Оның ішін­де са­уын сиыр­лар
    Бар­лы­ғы
    Оның ішін­де са­уын сиыр­лар
    1
    Бу­ра­бай
    865
    545
    1207
    210
    Абай
    2955
    1805
    4995
    867
    2
    Қойтас
    923
    610
    1239
    409
    3
    Теректі
    бұлақ
    1167
    650
    2549
    248
    Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға ветеринарлық қызмет көрсету үшін округте 1 ветеринарлық пункт, 3 мал қорымы ұйымдастырылған.
    Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Абай ауылдық округі бойынша 75125 гектар жайылымдық жер бар.
    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Абай ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтажы үшін ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын ұстау бойынша елді мекеннің жайылымдық алқаптарының артықшылығы 8808,5 гектарды құрайды (№ 2 кесте).
    № 2 кесте
    Ауылдық округі
    Жайылым алаңы, (га)
    Сауын сиырлардың бар болуы (бас)
    Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га)
    Жайылымдардың қажеттілігі, (га)
    Артылғаны, (га)
    1
    Абай
    13321
    1805
    2,5
    4512,5
    8808,5
    Абай ауылдық округінің жергілікті тұрғындарына мал жаю үшін 13321 гектар жер берілді.
    Басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша жергілікті тұрғындар 1538 га жайылымдық жерлерге мұқтаж, ІҚМ басына жүктеме нормасы - 2,5 га / бас, ұсақ мал - 0,5 га/бас, жылқы - 3,0 га/бас (№ 3 кесте).
    № 3 кесте
    Ауыл­дық окру­гі
    Ха­лық
    Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
    Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
    Мал жаю үшін бе­ріл­ді, (га)
    Ар­ты­л­ға­ны, (га)
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    Бар­лы­ғы (га)
    1
    Абай
    2955
    4955
    867
    2,5
    0,5
    3,0
    7387,5
    2477,5
    2601
    12466
    13321
    855
    Жайылымдық жерлерге қажеттілік туындаған кезде 05-072-019 есептік тоқсанның шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаюы есебінен толықтырылуы мүмкін.
    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі (бұдан әрі - ЖШС), Абай ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал - 5247 бас, ұсақ қара мал - 8354 бас, жылқы - 1985 басты құрайды.
    ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым ауданы 39080,1 га құрайды (№ 4 кесте).
    № 4 кесте
    Жер учас­ке­ле­рі­нің мен­шік ие­ле­рі мен жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
    Жал­пы ауда­ны (га)
    Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша бар бо­луы
    Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
    Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
    Бар­лы­ғы
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы
    Ι
    ЖШС, ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­ры
    39080,1
    5247
    8354
    1985
    2,5
    0,5
    3,0
    13117,5
    4177
    5955
    23249,5
    Бар­лы­ғы
    Ар­ты­л­ға­ны 15830,5 (га)
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ІММ-ірі мүйіздімал;
    ҰММ- ұсақ мүйізді мал;
    ШҚ-шаруа қожалығы.

    Абай ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 1 қосымша

    Абай ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

    Абай ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 2 қосымша

    Жайылым айналымының қолайлы схемалары

    Жылдар
    Учаскелер
    1
    2
    3
    1
    Мал жаю
    Мал жаю
    Демалыс
    2
    Мал жаю
    демалыс
    Мал жаю

    Абай ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 3 қосымша

    Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

    Абай ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 4 қосымша

    Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

    Абай ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 5 қосымша

    Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

    Абай ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 6 қосымша

    Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

    Абай ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 7 қосымша

    Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

    Округ атауы
    Жайылымға малдардын шығарылу мерзімі
    Жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі
    1
    Абай ауылдық округі
    Маусым 1 жартысы
    Қыркүйек 1 жартысы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.