Балықшы ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Балықшы ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Балықшы ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Күршім аудандық мәслихатының төрағасы

    К. Бахтияров

    Күршім аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 26 желтоқсандағы

    №14/8-VІΙΙ шешіміне

    қосымша

    Балықшы ауылдық округінің 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Балықшы ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-жоспар), «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

    Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

    Жоспар құрамында:

    1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Балықшы ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);

    2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);

    3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын (3-қосымша);

    4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);

    5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);

    6) Балықшы ауылдық округі аумағында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);

    7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін (7-қосымша).

    Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

    Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Күршім ауданының Балықшы ауылдық округінде 3 елді мекен бар.

    Ауылдық округтің жалпы жерқоры 133037 гектар (бұдан әрі – га). Соның ішінде жайылымдар - 126305 га.

    Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:

    ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 17070 га;

    елдi мекендердiң жерлерi - 123 га;

    өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 2 га.

    Жайылымдарды негізгі пайдаланушылар Балықшы ауылдық округіндегі Ақсуат ауылы, Жолнұсқау ауылы, Аманат ауылы тұрғындары болып табылады.

    Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.

    2023 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданының Балықшы ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары) ірі қара мал - 2990 бас, ұсақ мал - 4925 бас, жылқы - 1750 бас тіркелген.

    Ақсуат ауылында

    ірі қара мал - 417 бас, ұсақ мал - 801 бас, жылқы - 184 бас.

    Ақсуат ауылы жайылымдарының ауданы - 6920 гектар.

    Жолнускау ауылында:

    ірі қара мал - 356 бас, ұсақ мал - 630 бас, жылқы - 179 бас.

    Жолнускау ауылы жайылымдарының ауданы - 4620 гектар

    Аманат ауылында:

    ірі қара мал - 487 бас, ұсақ мал - 769 бас, жылқы - 197 бас.

    Аманат ауылының жайылым алаңы - 4640 гектар (№ 1 кесте)

    № 1 кесте

    Елді-мекен атауы
    Халық
    Барлығы
    ІҚМ
    МҚМ
    Жылқылар
    ІҚМ
    МҰМ
    Жылқылар
    Барлығы
    Оның ішінде сауын сиырлар
    Барлығы
    Оның ішінде сауын сиырлар
    1
    Ақсуат
    417
    226
    801
    184
    1260
    753
    2200
    560
    2
    Аманат
    487
    340
    769
    197
    3
    Жолнұсқау
    356
    187
    630
    179
    Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1 - ветеринарлық пункт, 1 - мал қорымы ұйымдастырылған.
    Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Балықшы ауылдық округі бойынша 126305 гектар жайылым жерлер бар.
    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Балықшы ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 17190 гектар бар жайылымдық алқаптарында артықшылығы 8907 га (№ 2 кесте).
    № 2 кесте
    Ауылдық округі
    Жайылым алаңы, (га)
    Сауын сиырлардың бар болуы (бас)
    Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га)
    Жайылымдардың қажеттілігі, (га)
    Артылған, (га)
    1
    Балықшы
    17190
    753
    11,0
    8283
    8907
    Балықшы ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 17190 гектар берілді.
    Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша жайылымдық алқап қажеттілігі 9412,5 га, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы - 11,0 га/бас, ұсақ мал - 2,2 га/бас, жылқы - 13,2 га/бас (№ 3 кесте).
    № 3 кесте
    Ауыл­дық окру­гі
    Бар­лы­ғы
    Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
    Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
    Мал жаю үшін бе­ріл­ді, (га)
    Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га)
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы­лар
    ІҚМ
    МҰМ
    Жыл­қы­лар
    Бар­лы­ғы (га)
    1
    Ба­лық­шы
    1260
    2200
    560
    11,0
    2,2
    13,2
    13860
    4840
    7392
    26092
    17190
    8902
    05-079-044 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажеттілігі 8902 га.
    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі (бұдан әрі - ЖШС), Балықшы ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал - 1730 бас, ұсақ қара мал - 2725 бас, жылқы - 1190 басты құрайды.
    ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым жетіспеушілігі 14289 га құрайды (№ 4 кесте).
    № 4 кесте
    Жер учас­ке­ле­рі­нің мен­шік ие­ле­рі мен жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
    Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша бар бо­луы
    Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
    Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
    Бар­лы­ғы
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы
    ІҚМ
    ҰҚМ
    Жыл­қы
    Ι
    ЖШС, ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­ры
    1730
    2725
    1190
    11,0
    2,2
    13,2
    19030
    5995
    15708
    40733
    Бар­лы­ғы
    Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі 26444
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ІММ-ірі мүйізді мал;
    ҰММ- ұсақ мүйізді мал;
    ШҚ-шаруа қожалығы.

    Балықшы ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару

    және оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 1 қосымша

    Балықшы ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

    Балықшы ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 2 қосымша

    Жайылым айналымының қолайлы схемалары

    Жылдар
    Учаскелер
    1
    2
    3
    1
    Мал жаю
    Мал жаю
    Демалыс
    2
    Мал жаю
    Демалыс
    Мал жаю

    Балықшы ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 3 қосымша

    Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

    Балықшы ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 4 қосымша

    Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

    Балықшы ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 5 қосымша

    Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

    Балықшы ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 6 қосымша

    Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

    Балықшы ауылдық округі бойынша

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    2023-2024 жылдарға арналған

    жоспарына 7 қосымша

    Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

    Ауылдық округтің атауы
    Жайылымға малдардын айдап шығарылу мерзімі
    Жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі
    1
    Балықшы ауылдық округі
    Маусымның 1 жартысы
    Қыркүйектің 1 жартысы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.