Көшелерге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 ақпан 2024 ж.

    Көшелерге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Аққұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аққұм ауылдық округіндегі Шижаға елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

    1) Аққұм ауылдық округі, Шижаға ауылындағы Шижаға көшесінің шығыс бетіндегі 1-қатарына Құдайберген Смановтың есімі;

    2) Аққұм ауылдық округі, Шижаға ауылындағы Шижаға көшесінің батыс бетіндегі 1-қатарына Сұраған Мырзаевтың есімі;

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аққұм ауылдық округінің әкімі

    Н. Жандаулетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.