Осакаров аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 871 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды айқындау, оларды пайдалану тәртібі, шекті толымдылық нормалары, материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ Осакаров ауданының аумағында пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 ақпан 2024 ж.

    Осакаров аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 871 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды айқындау, оларды пайдалану тәртібі, шекті толымдылық нормалары, материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ Осакаров ауданының аумағында пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осакаров аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 871 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды айқындау туралы, оларды пайдалану тәртібі, шекті толтыру нормалары, материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ Осакаров ауданының аумағында пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5993 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім онын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың төрағасы

    К. Саккулаков

    Осакаров аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 5 ақпандағы

    № 16/155

    шешіміне қосымша

    Осакаров аудандық мәслихатының

    2020 жылғы 24 шілдедегі

    № 871

    шешіміне 2 қосымша

    Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

    Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Осакаров ауданының келесі объектілерінде 800 метр кем емес қашықтықта айқындайды:

    1) жаппай жерлеу орындарында;

    2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

    3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

    4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

    5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.