Өздеріңізге белгілі, Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы адам үшін
өте қауіпті. Облыс бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына
қолайсыз 74 елді мекен тіркелген. Қазіргі күні залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Осы аса қауіпті аурудың зардабын тартпас үшін сіздердің тараптарыңыздан
мал қоралардағы көң-қилар уақытылы алынып, механикалық-санитариялық
тазалануы қажет. Залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі осыған
тікелей байланысты екенін еске саламыз.
Көктем, күз айларында кенеге қарсы дезинсекция жұмыстары жоспарлы түрде
жүргізіліп келеді. Үйде ұсталатын төрт-түлік малды ішкі және сыртқы
паразиттерді қатар жоятын ветеринариялық препараттарды (ивен, айвен,
ивермек т.б) пайдаланған өте тиімді. Сонымен қатар, ұсақ малдарды көктем
мезгілінде тоғыту жұмыстарын ветеринариялық мамандармен бірге жүргізу
қажет.