eOtinish жүйесі арқылы жолданған өтінішті қарау мерзімі қандай?
Өтінішті қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
Тұрғын үй көмегін рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?
Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);Өтініш берер алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттар;Сол тоқсандағы коммуналдық қызметтерге (жылу, су, жарық, газ және т.б.), тұрғын үйді күтіп-ұстау мен күрделі жөндеуге төленген түбіртектер;Байланыс қызметтері үшін (телефон және т.б.) түбіртек немесе келісімшарт;Егер баспана мемлекеттік қордан жалға алынған болса – жалға алу шарты және төлем мөлшері көрсетілген құжат;Банктік есепшот нөмері (IBAN).
eOtinish жүйесі арқылы жолданған өтінішті қарау мерзімі қандай?
Өтінішті қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
Өтінішке берілген жауапты қалай көруге болады?
Өтінішке берілген жауапты eotinish.kz порталындағы жеке кабинетте немесе eGov mobile мобильді қосымшасында көруге болады.
eOtinish жүйесі арқылы жолданған өтінішті жоюға бола ма?
Өтініш беруші жолдаған өтінішті жою мүмкін емес.
Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелуге болады?
ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азамат...
«Тракторист – машинист» куәлігін ауыстыру кезінде қандай формадағы медициналық анықтама сұратылады?
№ 073 формадағы медициналық анықтама.
Азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілеме?
Әлеуметтік маңызы бар сұранысы жоғары азық-түлік тауарларымен азық-түлік емес тауарлардың, мұнай өнімдерінің бағасын күнделікті мониторинг жүргізу, олардың бағасын тұрақтандыру бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан жұмыстар апталық, тоқсандық мерзімде жүргі...
Субсидиялатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?
Қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс, жастар практикасы, күміс жас жобасы
Газдың иісін сезсеңіз не істеу керек?
Егер пәтерде, кіреберісте немесе үй маңында газдың иісін сезсеңіз — бұл өте қауіпті жағдай, және шұғыл әрі дұрыс әрекет ету қажет.Алғашқы әрекеттер:1.Электр жарығын және электр құралдарын қоспаңыз.2.Тіпті аздаған ұшқынның өзі жарылысқа себеп болуы мүмкін.3.От жақпаңыз — темекі ше...