Сунақата ауылына газ қашан келеді?
Жаңақорған ауданындағы Сунақата, Еңбек, Екпінді, Қожамберді және Сүттіқұдық елді мекендерін (ауылішілік газ желісін салу) газдандыру мақсатында 2023 жылы демеушілік қаражат есебінен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Жобаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджетке және облыстық бюджетке бюджеттік өтінім жолданған.
Жұмыстар қаржыландыру мүмкіндіктеріне қарай жүзеге асырылатын болады.
Жобаны іске асыру нәтижесінде аталған 5 елді мекендегі 6251 тұрғын табиғи газды пайдалануға мүмкіндік алады.