Коммуналдық меншіктегі мүліктер қандай заңдылыққа сәйкес жекешелендіріледі?

    ·
    Сұрақ

    Коммуналдық меншіктегі мүліктер қандай заңдылыққа сәйкес жекешелендіріледі?

    Жауап

    Коммуналдық меншіктегі мүліктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қаулысына сәйкес жекешелендіріледі.

    Жекешелендіру объектісі – мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын; жекешелендірілуі тұйық технологиялық тізбекті бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктері; мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі; акционерлік қоғамдардың акциялары; жауапкершілегі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар.

    Сатушы (мүлікті иеліктен айыруды жүргізетін адам) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты.

    Объектіні жекешелендіру туралы шешімді мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қабылдайды, олар күнтізбелік он күн ішінде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (жекешелендіру кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

    Әрбiр жекешелендіру объектiсі бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:

    1) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің;

    2) техникалық жағдайы туралы көріністі қамтамасыз ететін, кемінде 5 дана жекешелендіру объектісі фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін);

    3) сатып алу-сату шарты жобасының электрондық көшiрмелерінің тізілімге енгізілуін қамтамасыз етеді.

    Жекешелендіру объектiсін сату туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілімнің веб-порталы арқылы барлық қалаушылардың жекешелендiру объектiсi туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

    Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, тендер басталғанға дейін бес минут бұрын және екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтарып ала алмайды.

    Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционға шығарылады.

    Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдiсi қолданылатын аукционға алғашқы бағаның жетпіс пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.

    Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдiсi қолданылатын аукционға алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.

    Жекешелендiру объектiсi төртінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдiсi қолданылатын аукционға алғашқы бағаның отыз пайызы мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.

    Жекешелендіру объектісі бесінші және одан кейінгі сауда-саттыққа бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционға кепілдік жарна мөлшерінен төмен болмайтын ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.

    Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

    Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

    Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілім веб-порталында қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күшін жойған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қандай жағдайда жалдау мерзімін ұзартудан бас тартуы мүмкін?

    Жауап

    Жер телімі осы уақытқа дейін еш игерілмесе (мысалы, ИЖС-қаберілген жерге 3 жыл ішінде үй салынбаса). Жалдау ақысы бойынша мемлекет алдында қарыздар болса. Жердің нысаналы мақсаты бұзылып, басқа мақсатта пайдаланылса.

    ·
    Сұрақ

    Арендалық жер учаскесінің мерзімін ұзарту тәртібі?

    Жауап

    Мерзімі аяқталуға жақын қалған арендалық жер учаскесінің (уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының) мерзімін ұзарту толықтай онлайн форматқа көшірілген және eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. ҚР Жер кодексінің 37-бабына сәйкес, егер сіз жерді мақсатты түрде пайдаланып, шарт т...

    ·
    Сұрақ

    Құрылысқа рұқсаталу тәртібі?

    Жауап

    Құрылысты заңды түрде бастау үшін мына 4 негізгі қадамнан өту қажет: 1-қадам: СЖТ (АПЗ) және Техникалық шарттарды алу Не істеу керек: eGov.kz порталы арқылы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) және техникалық шарттарды беру» қызметіне тапсырыс бересіз.Мақсаты: Сәулет бөлімі сізге...

    ·
    Сұрақ

    ҚР Заңы бойынша заңсыз құрылыс үшін жауапкершілік қандай?

    Жауап

    МСҚБ (ГАСК) органдары Әкімшілік құқықбұзушылықтуралы кодекстің 319 немесе 321-баптары бойынша айыппұл салады (заңсыз құрылыс жүргізгені үшін). Жеке тұлғаларға 15-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл. Заңды тұлғалар үшін 2000 АЕК дейін. Ірі залал кезінде ҚР ҚК 277-бабы бойынша қылмыстық...

    ·
    Сұрақ

    Құрылысты заңды түрде (басталмай тұрып немесе құрылыс барысында) рәсімдеу

    Жауап

    Бұл қызметтердің барлығы eGov.kz порталы арқылы электронды түрде және тегін көрсетіледі. 1-қадам: Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ/АПЗ) және техникалық шарттарды алу Сәулет бөлімінен үйдің қалай орналасатыны және инженерлік желілерге (су, жарық, газ) қосылу шарттары жазылған құж...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет бөлімі арқылы жер учаскесінің мақсатын қалай өзгертуге болады?

    Жауап

    Өтініш eGov.kz. арқылы беріледі. Сәулет бөлімі жаңа нысаналы мақсаттың (мысалы, "ӨҚШ" - дан "ЖТҚ" - ғанемесе "кәсіпкерлікке") Бас жоспарға сәйкес келетіндігін тексереді. Мақұлданған жағдайда әкімдіктің шешімі шығарылады. Қызмет мерзімі 8 ден 16 күнге дейін. (жер телімі елді мекен...

    ·
    Сұрақ

    АПЗ алғаннан кейін және эскизді келіскеннен кейін құрылысты бірден бастауға бола ма?

    Жауап

    Жоқ. Осыдан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу, Жобаның сараптамасынан өту (ЖТҚ үшін оңайлатылған тәртіппен), авторлық/техникалық қадағалауды жалдау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына (ГАСК) міндетті...

    ·
    Сұрақ

    Жеке үйдің (ЖТҚ) эскиздік жобасын бөліммен келісу міндетті ме?

    Жауап

    Иә, міндетті. Құрылысты бастамас бұрын эскиздік жобаны келісу қажет eGov.kz ғимараттың сыртқы келбетін, қабатын және отырғызылуын қызыл сызықтар мен қала құрылысы ережелеріне сәйкестігін растау үшін.

    ·