Өңірімізде мал жайылымы күрделі мәселенің бірі. Осыған байланысты азаматтар мал жайылымдығы үшін жер учаскесін қалай рәсімдейді?

    ·
    Сұрақ

    Өңірімізде мал жайылымы күрделі мәселенің бірі. Осыған байланысты азаматтар мал жайылымдығы үшін жер учаскесін қалай рәсімдейді?

    Жауап

    ҚР жер заңнамаларымен ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін табыстауға бөлек бап қаралған және бұл мақсатта учаскенің тек конкурстық тәртіпте берілетіні белгіленген (ҚР Жер кодексінің 43-1 бабы).

    Жер учаскесін алуға мүдделі тұлға (азамат немесе заңды тұлға) учаске орналасқан жердің әкімдігіне өтініш білдіре алады.

    Әкімдіктің салалық құрылымдық бөлімшесі – жер қатынастары бөлімі азаматтардың өтініштерін ескере отырып конкурсқа шығарылатын учаскелердің тізімін қалыптастырады.

    Учаскелер ауыл әкімі, қоғамдық кеңес және ауыл шаруашылығы кешені мекемелерімен келісіледі.

    Келісілген учаскеге жерге орналастыру жобасы әзірленіп, дайын учаске конкурсқа шығарылады. Конкурс туралы хабарламаларды аудан әкімдігінің интернет сайтынан қарауға болады.

    Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу Қағидасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қызылорда қаласы бойыншаауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қандай?

    Жауап

    Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшеріОблыстық Мәслихат пен облыс әкімиятының 2014 жылғы 02 шілдедегі №203/633бі...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшері қандай?

    Жауап

    Уақытша жер пайдалану құқығымен ҚР-ның азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласының 1 (бір) шаршы метрге төлемақының базалық ставкасы қанша теңге?

    Жауап

    «Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы» бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №369 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы №19 шешіміне өзге...

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесіне құқықты табыстау реттілігі қандай?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер учаскесіне құқық беру төмендегідей тәртіппен жүргiзiледi: 1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қарауға қабылдау; 2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынш...

    ·