«Қазтест» жүйесі арқылы сертификат алу үшін алдымен электронды түрде https://testcenter.kz/ сілтемесі арқылы сайтқа кіріп, тіркеуден өтесіз. Тіркелу кезінде жеке кабинет ашылады, сонда тестілеуден өту үшін өтінім бересіз (Петропавл қаласында тестілеу онлайн форматта). Қажет деңгейді таңдайсыз (A1-ден C1-ге дейін). Сіздің өтініміңізге жауап келгеннен соң, күні, уақыты, мекенжайы көрсетілген орында тест тапсырасыз. Тестілеуге қатысу үшін ақша төлейсіз (мемлекеттік тестілеу үшін алдын-ала анықталған төлем болуы мүмкін). Қазтест тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым бөлімдерінен тұрады. Әр бөлік бойынша шекті ұпай жинасаңыз, сертификат электронды түрде сіздің жеке кабинетіңізге жолданады. Сертификатты электронды форматта жүктеп алуға болады. Онда сіздің жинаған ұпайыңыз, жарамдылық мерзімі және QR-код болады.