Көрнекі ақпаратты ресімдеу талаптары бар ма?

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Көрнекі ақпаратты ресімдеу талаптары бар ма?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы 21-бап.

    Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi

    Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.

    Мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады.

    Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.

    Мемлекеттік ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де жазылады.

    Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де жазылады.

    Мемлекеттік ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де орналастырылады.

    Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Қазақстан Республикасында қорғалатын, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында пайдаланылатын тауар белгілері өзгермеген түрінде жазылады.

    Маңдайшаны орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маңдайшаларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.
    Хабарлама:

    1) маңдайшаны республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналастыру кезінде – республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;

    2) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде орналастыру кезінде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жіберіледі.

    Хабарлама маңдайша орналастырылатын болжамды күннен кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.

    Хабарламаға:

    1) маңдайшаны орналастыру орны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

    2) маңдайшаның эскизі қоса беріледі.

    Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.

    Жергілікті атқарушы органдар ескертулер ұсынған жағдайда маңдайша ескертулер жойылған кезде ғана орналастырылуы мүмкін.

    Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, өтініш беруші маңдайшаны өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.

    Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілеріндегі жазбалар мемлекеттік тілде жазылады.

    Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.

    Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс.

    Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi.

    Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Кітапхана қоры қалай қалыптастырылады?

    Жауап

    Кітапхана қоры бірнеше тәсілмен құрылады:Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жаңа кітаптар сатып алу. Кітапхана оқырмандардың сұрауларын есепке ала отырып, қажетті әдебиеттердің тізімін жасайды, содан кейін қаражат бөлінсе тапсырыс береді;Кітап алмасу және сыйға тарту - кітапхан...

    Сұрақ

    Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары қай тілде жүргізіледі?

    Жауап

    ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл - қазақ тілі.Мемлекеттік тіл - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі...

    Сұрақ

    Бюст орнату бастамасын кім көтере алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында бюст (ескерткіш) орнату мәселесі тарихи-мәдени мұраны қорғау және монументтік өнер объектілерін орналастыру қағидаларына сәйкес реттеледі. Бұл бастама еркін түрде көтеріле алады, алайда шешім қабылдау белгілі бір рәсімдік тәртіп арқылы жүзеге асырылады.1...

    Сұрақ

    Өтінішті кері қайтарып алу тәртібі қандай?

    Жауап

    1) e-Otinish / eGov арқылыЕгер өтініш электрондық түрде берілсе:пайдаланушы жеке кабинетке кіреді;берілген өтінішті ашады;«Өтінішті кері қайтарып алу» функциясын таңдайды;кері қайтарып алуды растайды.2) Қағаз түрінде (кеңсе арқылы)Егер өтініш жазбаша берілсе:өтінішті кері қайтары...

    Сұрақ

    Дворда сыртқы жарықтандыруды немесе спорттық жабдықтарды орнату үшін өтінішті қалай беруге болады?

    Жауап

    Дворда сыртқы жарықтандыруды немесе спорттық жабдықтарды орнату үшін азамат e‑отыныш порталы — тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) электрондық өтініш беру жүйесі арқылы өтініш бере алады.Портал e‑отынышта:Туған күн және жеке куәлік деректерімен (ИИН) жүйеге кі...

    Сұрақ

    Діни әдебиетті қайда таратуға болады?

    Жауап

    ҚР Дін қызметі және діни бірлестіктері туралы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес, діни әдебиетті, басқа да діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадатханаларда (ғимараттарда), діни (рухани) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, р...

    Сұрақ

    Миссионерлік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Миссионер тіркеуді алу үшін, қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқару органының дін қызметі саласындағы жергілікті әкімдігіне жүгіну және келесі құжаттарды ұсыну қажет: өтініш;жеке куәлікті растайтын құжаттың көшірмесі;дін бірлестігі берген, миссионерлік қызметті жүзеге асыру ө...

    Сұрақ

    Діни шараларды культ құрылыстарының сыртында өткізуге болады ма?

    Жауап

    Иә, болады. Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 7-1-бабына сәйкес, осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген діни іс-шараларды қоспағанда, ғибадат үйлерінен (құрылыстарынан) тыс жерлерде өткізілетін діни іс-шаралар туралы хабарлама беру...