Елді мекендер арқылы өтетін жолдарда жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі (жол белгілері, жарықтандыру, жасанды кедергілер) қалай қамтамасыз етіледі?

    ·
    Сұрақ

    Елді мекендер арқылы өтетін жолдарда жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі (жол белгілері, жарықтандыру, жасанды кедергілер) қалай қамтамасыз етіледі?

    Жауап

    Елді мекендер арқылы өтетін жолдарда жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі (жол белгілері, жарықтандыру, жасанды кедергілер) қалай қамтамасыз етіледі?
    Жол қауіпсіздігі — біздің жұмысымыздың ең басты бағыты. Жергілікті маңызы бар автожолдарды орташа немесе күрделі жөндеуден өткізген кезде, жобаға міндетті түрде әлеуметтік нысандардың (мектеп, аурухана, балабақша) тұсына жаяу жүргіншілер өткелін салу, жарықтандыру бағандарын орнату және жылдамдықты шектейтін жасанды кедергілер («лежачий полицейский») қою қарастырылады

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру (карта, QR-код) жүйесі толық енгізіле ме?

    Жауап

    Иә, облыс орталығы мен аудандарда электронды төлем жүйесін толық енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жолаушылар үшін тиімді және жолақы кірісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Қоғамдық көліктегі жолақы тарифі: қолма-қол ақшасыз төлем үшін – 85 теңге, қолма-қол төлем үшін – 130 теңге

    ·
    Сұрақ

    Елді мекендер ішіндегі және трасса бойындағы жасанды жол кедір-бұдырлары («лежачий полицейский») қандай талаптармен орнатылады?

    Жауап

    Жасанды кедір-бұдырлар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін (мектептер, балабақшалар маңында) полиция департаментінің нұсқамасы негізінде тапсырыс берушінің тапсырмасына сәйкес жолды (көшені) күтіп ұстаушы мердігер мекемемен қойылады.

    ·
    Сұрақ

    Қысқы кезеңде облыстық маңызы бар жолдарды тазалау қалай ұйымдастырылады?

    Жауап

    Қысқы күтіп ұстауға арнайы техникасы бар мердігер ұйымдар тартылады. Жолдарды қардан тазалау және тайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстары бірінші кезекте қауіпті учаскелерде жүргізіледі.

    ·