- "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды сақтамау, ең алдымен ескерту, 1 жыл ішінде қайталанып жасалса айыппұл салуға әкеп соғады. Құқық бұзушылық түрлері: ас мәзірлерінің тек қана орыс немесе басқа да тілдерде рәсімделуі, көрнекі ақпараттар мен деректемелерді тек орыс тілінде ғана орналастыру және теңтүпнұсқалы аударманың сақталмауы, әдеби тіл нормасына сәйкессіздік т.б. ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 455-бабының 3-тармағына сәйкес жарнама тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу айыппұл салуға әкеп соғады.