Жүргізушінің дөрекі сөйлеуі және жол жүру кезінде телефон қолдануы.

    ·
    Сұрақ

    Жүргізушінің дөрекі сөйлеуі және жол жүру кезінде телефон қолдануы.

    Жауап

    Мұндай құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін жүргізушілерге тұрақты түрде қызметтік нұсқаулықтар мен тәртіп ережелері түсіндіріледі. Дөрекі мінез көрсету, сондай-ақ жол жүру кезінде телефон қолдану көлік қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу болып саналады, сондықтан анықталған әрбір факті бойынша нақты шаралар қабылданады.

    Мұндай жағдайларда сіз бұл оқиға туралы "Сенім 109" арқылы хабарлай аласыз, тасымалдаушы жүргізушіні сыйақысынан айыру арқылы айыппұл салады, ал жүйелі түрде қайталанған бұзушылықтар болған жағдайда жұмыстан шығаруға дейінгі шаралар қолданылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Автобус маршруттарының жүру графигінің сақталмауы.

    Жауап

    Қазіргі уақытта тасымалдаушыларға автобустардың бекітілген кестеге сәйкес қозғалысын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Жолаушылар ағыны мен қозғалыс интервалы тұрақты түрде бақылауға алынып, графиктің сақталмауын болдырмау мақсатында мониторинг жұмыстары күшейтіл...

    ·
    Сұрақ

    2030 жылға дейін қандай ірі көлік жобалары жоспарланған?

    Жауап

    2026–2030 жылдары жүзеге асырылатын негізгі жобалар: «Жезқазған – Қарағанды» автожолын реконструкциялау (335 шақырым), қаржыландыру көзі — Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХКДБ); «Сәтбаев – Малшыбай» бағыты бойынша 30 шақырым жолды қайта жаңарту; «Алғабас – Шұбаркөл» бағыт...

    ·
    Сұрақ

    Қандай елді мекендерде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді және олардың көлемі қандай?

    Жауап

    2025 жылы орташа жол жөндеу жұмыстары төмендегі елді мекендерде атқарылды: Жезқазған қаласы — 16 шақырым, 12 көшеде, ШМА (шағылтасты-мастикалы асфальт) жаңа технологиясы қолданылды; Сәтбаев қаласы — 7,53 шақырым, 8 көшеде; Қаражал қаласы — 13 шақырым, жұмыстар толық аяқталды; Жәй...

    ·
    Сұрақ

    Заманауи талаптарға сәйкес аялдамалар орнату.

    Жауап

    Аялдамаларды жаңарту мен жаңасын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда. Қала/ауданның инфрақұрылымдық даму жоспарына сәйкес, жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында жаңа үлгідегі аялдамалар орнату жоспарға енгізілген.

    ·
    Сұрақ

    Автобус маршруттарына өзгеріс енгізу, қосалқы аялдамалар қосу және өзге де ұсыныстар.

    Жауап

    Маршруттық желіні өзгерту және жаңа аялдамалар енгізу мәселесі жолаушылар ағынының көлеміне, жол инфрақұрылымына және қауіпсіздік талаптарына сәйкес қарастырылады. Сіздің ұсыныстарыңыз тиісті бөлімше мамандарымен қаралып, талдау нәтижесіне қарай тиісті шешім қабылданатын болады.

    ·
    Сұрақ

    Тиісті аялдамаға тоқтамай өтіп кету мәселесі.

    Жауап

    Бұл фактілер бойынша жүргізушілерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, талаптарды бұзған қызметкерлерге тәртіптік шара қолдану қарастырылған. Аялдамаларда толық тоқтау және жолаушыларды қауіпсіз отырғызу/түсіру міндеттері қатаң бақылауда болады.

    ·
    Сұрақ

    «Ұлытау – Арқалық» автожолында қазір қандай жұмыстар жүргізілуде?

    Жауап

    «Ұлытау–Арқалық» автомобиль жолының 163–193 км және 208–252 км учаскелерінде (жалпы ұзындығы – 74 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылы барлық 74 км пайдалануға беру жоспарлануда. Республикалық бюджеттен жобаны толық аяқтау үшін7 млрд теңге бөлінді. Мердігерлер – Дәу...

    ·
    Сұрақ

    Автобус кесте бойынша келмесе не істеу керек?

    Жауап

    Егер автобус кесте бойынша келмесе, жолаушы тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне хабарласа алады, сайтта шағым қалдыра алады немесе жолаушылар тасымалы басқармасына жүгінуіне болады. Мұндай өтініштер тасымал сапасын бақылауға көмектеседі .Қазақстан Республикасының «Автомобиль к...

    ·