Жұмылдыру кезінде азаматтардың қандай міндеттері бар?

    «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Сұрақ

    Жұмылдыру кезінде азаматтардың қандай міндеттері бар?

    Жауап

    Белгіленген уақытта жергілікті әскери басқару органына келуге және медициналық тексеруден өтуге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы

    Жауап

    Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы– халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыс.

    Сұрақ

    Авариялық құтқару жұмыстары дегеніміз не?

    Жауап

    Авариялық-құтқару жұмыстары – адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету.

    Сұрақ

    Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру: 1)бюджет қаражаты; 2)ұйымдардың қаражаты; 3)азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестік-тердің ерікті жарналары.

    Сұрақ

    Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою қалай жүзеге асырылыды?

    Жауап

    Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою туралы шешімді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.

    Сұрақ

    Төтенше жағдайлар туралы халықты хабардар ету қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Төтенше жағдай кезінде халыққа хабар мына жолдармен беріледі: - Сирена немесе дауыс зорайтқыштар қосылады (дабыл белгісі) - Теледидар мен радио арқылы хабарлама беріледі - Ұялы телефонға SMS-хабарлама келеді - Әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда ақпарат жарияланады - Әкімдік п...

    Сұрақ

    Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

    Жауап

    Азаматтық қорғаныс дегеніміз -Халықты және белгілі бір аумақты зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау бойынша бейбіт уақытта және соғыс уақытында ұйымдастырылатын іс-шаралар.

    Сұрақ

    Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі деген не?

    Жауап

    Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі - төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре...

    Сұрақ

    Әскери міндеттілерді «брондау» (бекітіп қою) дегеніміз не және оған кімдер жатады?

    Жауап

    Әскери міндеттілерді бекітіп қою – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін оларға еңбек ресурстарын бекіту.