Айтыңызшы, білім беру және тәрбие нысандарын кенеттен тексеру жоспарлануда ма? Мұндай тексерудің өткізілуіне қандай себептер болуы мүмкін?

    ·
    Сұрақ

    Айтыңызшы, білім беру және тәрбие нысандарын кенеттен тексеру жоспарлануда ма? Мұндай тексерудің өткізілуіне қандай себептер болуы мүмкін?

    Жауап

    СЭҚ маманы (кадрда):

    2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданыстағы тетіктердің орнына «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске ерекше бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау және қадағалау енгізіліп, келесідей түрде жүзеге асырылады: жоспарлы тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, ерекше бақылау және қадағалау объектілеріне бару арқылы мониторинг – бақылаудың жаңа нысаны және тергеп-тексеру.

    Жоспарлы тексерулер мынадай нысандарға жүргізіледі:

    -тәуекел дәрежесі жоғары– жарты жылда кемінде бір рет ( барлық түрдегі мектепке дейінгі тәрбилеу және оқыту объектілері;балалар мен жасөспірімдер тұратын барлық түрдегі және типтегі білім беру және тәрбиелеу объектілері; ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану объектілері, сауықтыру және санаторлық нысандар (маусымдық, жыл бойы), балалар мен жасөспірімдер тұрмайтын білім беру объектілері, білім беру объектілерінің жатақханалары, тәрбиелеу мен білім берудің арнайы, түзету кабинеттері (орталықтары), балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталықтары);

    Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған ерекше бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мониторинг жүргізілген жағдайда жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

    - тәуекел дәрежесі төмен– жылына бір реттен жиі емес ( техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілері, балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндіріс комбинаттары және мектептен тыс ұйымдар).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Объектілерді жоспарлы тексеруді қалай және кімдер құрады?

    Жауап

    Жоспарлы тексеру ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізіміне негізделіп жүргізіледі. Бұл тізімді санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері тәуекел деңгейін бағалау критерийлері...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа бақылау формасы — объектілерді мониторинг жүргізу туралы айтып берсеңіз, бұл не және қалай жүзеге асырылатын болады?

    Жауап

    Объектілерге барып мониторинг жүргізу — бұл балалардың орналасу орындарында құқық бұзушылықтарды алдын ала анықтауға бағытталған іс-шара. Мониторинг жүргізудің негізі болып табылады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі...

    ·
    Сұрақ

    Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін тіркелгеніне үш жыл толмаған жағдайда жоспардан тыс тексеруді бастамашы бола ала ма және қандай негіздермен?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексінің» 129-бабының 4-1 тармағына сәйкес, 131-баптың 6-тармағы, балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақыл...

    ·
    Сұрақ

    Айтыңызшы, жоспардан тыс тексеруге кімдер бастамашы бола алады және қандай негіздер бойынша жүргізіледі?

    Жауап

    Жоспардан тыс тексерулерді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен реттеледі. Ерекше бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеру — бұл аумақтық бөлімшелер тағайындайтын тексеру. Жосп...

    ·
    Сұрақ

    Тексеру нәтижелері бойынша қандай шаралар қолданылатын болады?

    Жауап

    Жоспарлы тексерулер мен мониторинг нәтижесінде құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс жүргізу қозғалмай, осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен, заңдылықты бұзу жа...

    ·
    Сұрақ

    2025 жылдың 4 желтоқсанында Мемлекет басшысының қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылау жүргізу тәсілдері қалай өзгеретінін айтып беріңізші?

    Жауап

    2025 жылдың 4 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Мемлекет басшысының...

    ·
    Сұрақ

    АПВ дегеніміз не?

    Жауап

    АПВ (адам папилломасы вирусы)- бұл әртурлі ағзалардың (мысалы, жатыр мойнының немесе аногенитальді аумақты), терісне жене шарышты қабыктарына инфекция жұқтыратын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың (сүйел) пайда болуына алып келеді. АПВ-инфекциясы бүкіл әлемде ең к...

    ·
    Сұрақ

    Лумбосакральды радикулопатияның алдын алу шаралары қандай?

    Жауап

    Ол гипермобильді тұлғаларды, сколиозды және жасөспірім кезіндегі омыртқаның басқа туа біткен деформацияларын анықтаудан және деформацияның даму факторларын жоюдан, сондай-ақ жұмыс орнының эргономикалық көрсеткіштерін оңтайландырудан тұрады. Ауырсыну құбылыстарының дамуы мен дамуы...

    ·