Арал және Қазалы аудандарында су құбырларында апаттық жағдайлар жиі орын алып, әсіресе жаз мезгілінде ауыз сумен қамту мәселесі туындауда. Осыған байланысты қандай шаралар жасалуда?

    ·
    Сұрақ

    Арал және Қазалы аудандарында су құбырларында апаттық жағдайлар жиі орын алып, әсіресе жаз мезгілінде ауыз сумен қамту мәселесі туындауда. Осыған байланысты қандай шаралар жасалуда?

    Жауап

    Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғындарын ауыз сумен қамтуда. Жалпы ұзындығы 238 шақырымды құрайтын топтық су құбыры 1986 жылы пайдалануға беріліп, қазіргі таңда 80% тозығы жеткен. Салдарынан су қысымына төтеп бере алмай апатты жағдайлар мен ажыратулар жиі орын алуда. Осы ретте, су құбыры екі ауданды ауыз сумен қамтитын жалғыз су көзі екендігін ескере келе, құбырдың екінші тармағын салу қажеттігі туындап, 2022 жылы облыс әкімдігі тарапынан топтық су құбырының 2-тармағын салу бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаның құны 43,7 млрд. теңгені құрайды. 2025 жылы құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 5,5 млрд.теңге бөлініп, 23 шақырым су құбыры жаңғыртылды. Жобаның құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 2026 жылға 20 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жылу есептегіш құралдарды (счетчик) тексеру мерзімі қалай анықталады?

    Жауап

    Жылу есептегіш құралдарды тексеру мерзімі оның төлқұжатында (паспортында) көрсетілген өндіруші зауыттың техникалық сипаттамасына және мемлекеттік стандарттарға сәйкес анықталады. Жылу есептегіштерді тексеру аралығы 4-тен 5 жылға дейін құрайды.Есептегіш орнатылған сәттен бастап не...

    ·
    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлеріндегі кейбір бөлмелердің дұрыс жылынбауы не себепті және кім жауапты?

    Жауап

    Жылу энергиясын беру параметрлері жылумен жабдықтау ұйымы тарапынан сыртқы ауа температурасының көрсеткіштеріне сәйкес бекітілген температуралық кесте негізінде реттеліп, тұтынушыларға белгіленген тәртіппен жеткізіледі. Сонымен қатар, тұрғын үйдің ішкі жылу желілерінің техникалық...

    ·
    Сұрақ

    Ауыз суға төлем мөлшері 30 теңгеден 70 теңгеге не себепті өсті?

    Жауап

    Тұрғындар үшін ауыз су тарифінің 30 теңгеден 70 теңгеге дейін өсуі ұзақ уақыт бойы тарифтің экономикалық тұрғыдан негізделген шығындарды толық өтемеуіне байланысты орын алды. Бұған дейін қолданыста болған тариф сумен жабдықтау қызметін көрсетуге жұмсалатын нақты шығындардың бір б...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғындардың газ баллон және табиғи газды тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары?

    Жауап

    Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау және газ баллон жабдығы мен газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы профилактикалық іс-шаралар негізінен аулаларды аралау, жиындар мен дәрістер ұйымдастыру, тұрғындарға үнпарақтар тарату, облыс аумағындағы адам...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласы аумағындағы саяжайлардың («Еңбек», «Эдельвейс», «Орбита» және «Сабалақ») тұрғындары тарапынан газдандыру және инфрақұрылымды дамытумен байланысты мәселелер жиі көтерілуде?

    Жауап

    Қазіргі таңда, Сабалақ елді мекені толықтай табиғи газға қосылды. «Эдельвейс, Орбита, Еңбек, Мелиоратор» саяжайлары бойынша жоба - сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған...

    ·
    Сұрақ

    Электр энергиясы үшін төлемді қалай жүргізеді?

    Жауап

    Қазіргі таңда Қызылорда облысында төлемдерді қабылдау «АЛСЕКО» АҚ-ның бірыңғай төлем құжаты арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылар төлемді ALSЕCO мобильді қосымшасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімінен ALSECO жүйесін таңдау арқылы төлей алады.

    ·
    Сұрақ

    Жаз мезгілінде ауыз судың қысымы төмендеп кетіп жатыр. Оның себебі неде?

    Жауап

    Жаз мезгілінде ауыз суға деген сұраныс айтарлықтай артады. Кейбір тұрғындар орталықтандырылған ауыз су жүйесіндегі суды бау-бақша, көгал, ағаш суару және өзге де шаруашылық мақсаттарға пайдаланады. Нәтижесінде су тұтыну көлемі күрт өсіп, әсіресе кешкі уақытта және желінің соңғы н...

    ·
    Сұрақ

    Тұтынушы электр энергиясын есепке алу құралын қай уақытта тексеру қажет?

    Жауап

    Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, электр есептегіштері заңнамада белгіленген мерзімге сәйкес мерзімді түрде тексеруден өткізіледі.Егер тұтынушы немесе электрмен жабдықтаушы ұйым есептегіштің дұрыс жұмыс істеуіне күмәнданса, олардың өтініші бойынша кез келген уақытт...

    ·