Бейінді мамандардың кеңес беруі?

    Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

    Сұрақ

    Бейінді мамандардың кеңес беруі?

    Жауап

    Бейінді мамандардың консультациясы пациентке медициналық көрсетілімдер болған жағдайда емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша жүргізіледі. Емдеуші дәрігер пациенттің жағдайын және жүргізілген тексерулердің нәтижелерін бағалай отырып, қажет болған жағдайда диагнозды нақтылау, одан әрі тексеру мен емдеу тактикасын айқындау, сондай-ақ қосымша тексеру немесе ауруханаға жатқызу қажеттілігі мәселесін шешу үшін тиісті бейінді маманға жолдама рәсімдейді.

    Консультациялар пациент медициналық көмек алып жатқан сол медициналық ұйымда да, қажет болған жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін басқа медициналық ұйымдарда да жүргізілуі мүмкін.

    Консультация нәтижелері бойынша бейінді маман пациентті әрі қарай жүргізу бойынша ұсынымдары бар медициналық қорытынды рәсімдейді, бұл ұсынымдар емдеуші дәрігер тарапынан кейінгі емдеу мен бақылауды ұйымдастыру кезінде ескеріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Еңбекке жарамсыз парағын қалай алу керек ?

    Жауап

    Еңбекке жарамсыз парағын қалай алу үшін : Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бекітілген Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру...

    Сұрақ

    Мүгедектікті бастапқы белгілеу мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау үшін құжаттарды қалай ресімдеу керек ?

    Жауап

    Медициналық-әлеуметтік сараптамаға алғаш рет мүгедектікті белгілеу мақсатында жолдама беру үшін құжаттарды рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілге...