Көп балалы отбасыларға қандай жәрдемақы беріледі?
Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 4-тен көп баласы бар отбасыларға 42496 теңгеден 78 мың теңгеге дейін сараланған.
Көксу ауданының әкімдігі
Жайылымға және егістікке жер бөлінеді ме?
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады.Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады.Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады.Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады.Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.
Көп балалы отбасыларға қандай жәрдемақы беріледі?
Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 4-тен көп баласы бар отбасыларға 42496 теңгеден 78 мың теңгеге дейін сараланған.
Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды...
Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде б...
Жеке тұрғын үй құрылысына жер қалай бөлінеді?
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1–бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының» 28-тармағына сәйкес, комиссияның...